Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Қазақстан оқушылары физикадан халықаралық олимпиад...

Қазақстан оқушылары физикадан халықаралық олимпиадада 11 медаль жеңіп алды

Тәуелсіздік-30 12.11.2021, 16:57 1,117
Қазақстан оқушылары физикадан халықаралық олимпиадада 11 медаль жеңіп алды
inform.kz

Қазақстандық оқушылар Әл-Ферғани атындағы физика пәні бойынша бірінші халықаралық олимпиадада 11 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Ұлттық құраманың қоржынында 2 алтын, 6 күміс және 3 қола медаль бар. Олимпиада Өзбекстанның Ферғана қаласында 8-13 қараша аралығында ұйымдастырылды. Зияткерлік байқауға 18 елден, соның ішінде Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Румыния және тағы басқа елдерден 130-ға жуық оқушы қатысты. Әл-Ферғани атындағы физика пәні бойынша халықаралық олимпиада екі кезеңде өтті. Біріншісі кезеңде — жазбаша жұмыстар, ал екіншісінде практикалық жұмыстар қаралды. Жеңімпаздардың қатарында, алтын медаль — Әлішер Еркебаев, Нұрдәулет Назарбай, күміс медаль — Даниил Шатохин, Оразхан Хайдар, Дінмұхаммед Сапыбек, Ердәулет Нахып, Бернар Шамгонов, Диас Еспан, қола медаль иегерлері — Бексұлтан Шәріп, Асқар Қасымов, Нұржан Хасенов бар. Оқушылар олимпиададағы жеңісін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап отыр.



«Олимпиададағы бәсекелестік өте жоғары болды, өйткені қатысушылардың басым бөлігі физика бойынша халықаралық олимпиада (IPhO) рейтингінде алдыңғы қатарда. Біздің балалар тамаша нәтижелер көрсетіп, Қазақстанды әлемдік аренада лайықты көрсете білді. Қазір білім және ғылым министрлігінің «Дарын» орталығы оқушыларымыздың халықаралық олимпиадаларға қатысуына жағдай жасау үшін әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларды өткізу бойынша жұмыс істеп жатыр», — деп атап өтті ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Тәуелсіздік #оқушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Кеше 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Кеше 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Кеше 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Кеше 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Кеше 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика