конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан оқушылары физика пәнінен ХХІІ Азия олимп...

Қазақстан оқушылары физика пәнінен ХХІІ Азия олимпиадасында үздік үштікке енді

Әлеумет 03.06.2022, 06:32 1,061
Қазақстан оқушылары физика пәнінен ХХІІ Азия олимпиадасында үздік үштікке енді
Сурет: Gov.kz

 Оқушылар бес медаль жеңіп алды.


Қазақстандық оқушылар физика пәнінен ХХІІ Азия олимпиадасында 5 медаль жеңіп алып, үздік үштікке енді. Ұлттық құрама қоржынында 1 күміс және 4 қола медаль бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Республикамыздың намысын әлемдік аренада Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Атырау және Ақтөбе қалаларының 10-11 сыныптарының 8 оқушысы қорғады. Олардың барлығы Республикалық физика олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері», - делінген Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Биыл зияткерлік сайыстар 2022 жылғы 24 мамыр мен 31 мамыр аралығында қашықтан форматында өтті. Оған Қытай, Малайзия, Румыния, Ресей, Сингапур, Сауд Арабиясы, Түркия, Таиланд, Оңтүстік Корея, Қырғызстан және т.б. сияқты әлемнің 27 елінің өкілдері қатысты.



«Білім және ғылым министрлігі оқушыларымызға басқа елдерден келген жасөспірімдермен жарысқа түсу мүмкіндігін арттыру үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Жақында ғана оқушыларымыз химия пәнінен 56-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды. Сондай-ақ оқушыларымыз алғаш рет Франциядағы Дүниежүзілік гимназиадаға қатысып, үздік үштікке енді. Физика пәнінен Азия олимпиадасы ең қиын олимпиадалардың бірі болып есептелетінін айта кеткен жөн. Ал біз әлемдік пәндік олимпиадаларда дәстүрлі түрде көшбасшы саналатын елдерді де басып оздық. Оқушыларымыз бес медальмен қоса екі құрмет грамотасына ие болды», - деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының орынбасары Нұрлан Жұмагелді.



 Физика пәнінен Азия олимпиадасындағы жеңіс оқушыларға ұлттық құрамаға енуге және Қазақстанның намысын халықаралық физика олимпиадасында (IPhO) қорғауға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #оқушы #олимпиада #жеңіс #медаль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09

Алматыдағы таулы аймақтарда сел жүруі мүмкін

Кеше 12:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);