AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан өңірлерінде жаңа әлеуметтік және көлік н...

Қазақстан өңірлерінде жаңа әлеуметтік және көлік нысандары пайдалануға берілді

Әлеумет 17.08.2026, 09:31 339
Қазақстан өңірлерінде жаңа әлеуметтік және көлік нысандары пайдалануға берілді
Primeminister.kz

Өңірлерде инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында ел өңірлерінде инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, жаңа әлеуметтік және көлік нысандары пайдалануға берілді.

Өткен аптада төменгі негізгі жобалар іске қосылды:

Түркістан облысында ғасырлық тарихы бар «Түлкібас» теміржол вокзалының реконструкциясы аяқталды. Кешен тәулігіне шамамен 200 жолаушыға қызмет көрсетуге есептелген. Күту залының сыйымдылығы екі есеге артып, 90 орынға жетті. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастырылған. Мұнда кассалар, анықтама бюросы, тамақтану орындары, ана мен бала бөлмесі жұмыс істейді.

«Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жамбыл облысының Нұрлыкент ауылында әмбебап залы мен заманауи спорттық құрал-жабдықтары бар жаңа спорт кешені ашылды. Жалпы өңірде 2 465 спорт нысаны жұмыс істейді. Өткен жылы 10 спорт кешені пайдалануға берілсе, биыл тағы 12 кешеннің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Алматы облысының Жібек жолы ауылында құны 658 млн теңге болатын 200 орындық Мәдениет үйі ашылды. Аумағы 5 гектарды құрайтын кешен сахна, көрермендер залы және шығармашылық үйірмелерге арналған кабинеттермен жабдықталған. Нысан базасында ұлттық өнер үйірмелері, «Шежіре» ақындар орталығы және аға буын ансамблі жұмысын бастады.

Президенттің «Кітап оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмалары аясында Алматыда қалалық кітапханалардың кітап беру пункттері ашыла бастады. Алғашқы пункт Жетісу ауданындағы сауда орталығында ашылып, 2 мыңнан астам кітап қоры жинақталды. Бұл кітапхана қызметтерін қала тұрғындары үшін қолжетімді ете түсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік нысандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өткен тәулікте 1 826 рет жол ережесі бұзылған

Бүгін 08:58

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы түнгі уақытта шектеледі

Кеше 19:33

«Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам қатысушы тіркелді

Кеше 18:21

Қазақстанда 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында ЖІӨ 4,1%-ға өсті

Кеше 17:46

Алматыда қалдықты қайта өңдеу, викторина және шығармашылық белсенділіктерге арналған экоуикенд өтті

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);