Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан өлім жазасын жою туралы халықаралық құжа...

Қазақстан өлім жазасын жою туралы халықаралық құжатқа қосылу процесін аяқтады

Саясат 25.03.2022, 15:56 2,022
Қазақстан өлім жазасын жою туралы халықаралық құжатқа қосылу процесін аяқтады
Сурет: Dw.com

Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Мағжан Ілиясов өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификация жөнінде құжатты БҰҰ депозитарийіне сақтауға тапсырды.


Бұл қадам еліміздің адам құқықтарын қорғауға және осы саладағы өзінің халықаралық міндеттемелерін орындауға деген берік бейілділігін растайды. Қазақстан хаттамаға қосылған БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің ішінен 90-шы мемлекет болды. Қазақстанның осы халықаралық құжатқа қосылу жолындағы алғашқы қадамы оның 2020 жылғы 23 қыркүйекте Нью-Йоркте қол қоюы болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Содан кейін, 2021 жылғы 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы құжатты ратификациялау туралы заңға қол қойды. Хаттама ережелеріне сәйкес елдің ұлттық қылмыстық заңнамасын хаттама нормаларына сәйкес келтіру талап етілді. 2021 жылғы 29 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.


Осылайша, екінші Факультативтік хаттамаға қосылу Қазақстанда өлім жазасының толық жойылуын бекітіп, қылмыстық заңнаманы жалпы ізгілендіру бағытын жалғастырды. Өлім жазасын қолдану Қазақстан Республикасында ҚР Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы тиісті мораторий енгізу туралы Жарлығымен тоқтатылды. 2022 жылғы 16 наурызда Қазақстан халқына жасаған «Жана Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «өлім жазасына тыйым салу туралы шешімді біржола бекіту үшін Конституцияға тиісті өзгеріс енгізу қажет» деген ұсыныс жасаған болатын.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өлім жазасы #жою #халықаралық құжат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Медеу ауданында кәсіби бағдар беру акциясы жалғасып жатыр

Бүгін 22:20

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика