Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстан-Неміс университеті ҚР ІІМ Алматы академ...

Қазақстан-Неміс университеті ҚР ІІМ Алматы академиясымен ынтымақтастықты жолға қоюға мүдделі

Білім және ғылым 10.03.2022, 09:02 2,490
Қазақстан-Неміс университеті  ҚР ІІМ Алматы академиясымен ынтымақтастықты жолға қоюға мүдделі
Сурет: Polisia.kz

Алматы академиясына Қазақстан-Неміс университетінің ректоры келді

ІІМ Алматы академиясына Қазақстан-Неміс университетінің ректоры, доктор Роммель Волрад келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


ІІМ Алматы академиясының тыңдаушылары Қазақстан-Неміс университетінің ректоры профессор Др.Роммель Волрад бастаған университет өкілдерімен кездесті.


Қонақтардың арасында Алматы академиясына аты берілген генерал Мақан Есболатовтың немересі Зарина Есболатова да болды. Шетелдік университет мамандары генералдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, академия мұражайын аралады. Аталған университетте қызмет атқаратын Зарина Есболатова әріптестерін Қазақстан полициясының қалыптасуынан сыр шертетін экспонаттар жинақталған мұражайдағы М.Есболатовқа арналған бұрышпен де таныстырды.


Қазақстан-Неміс университетінің ректоры, доктор Роммель Вольрад Алматы академиясының тыңдаушыларына өзі басқаратын университет туралы мәлімет беріп, мұнда Орталық Азияның түкпір-түкпірінен келген студенттер білім алатынын ерекше атап өтті. Қазақстан-Неміс университеті екі елдің үкіметаралық келісімі аясында жұмыс істейді және 1999 жылы “Білім беру саласындағы Қазақстан-Неміс ынтымақтастығы” қоғамдық қорының жеке бастамасымен құрылған. Университет базасында мамандар неміс стандарты бойынша даярланады. Бұл аталған оқу орнындағы оқытудың сапасы жоғары екенін көрсетеді.


Сондай-ақ, доктор Роммель Волрад Қазақстан-Неміс университетінің ҚР ІІМ Алматы академиясымен ынтымақтастығын жолға қоюға мүдделі екенін атап өтті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы академиясы #кездесу #ректор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Referendum2026: Әлеуметтік желіде жаңа Конституцияны қолдағандар саны 88 мыңнан асты

Бүгін 17:01

Михаил Шайдоровтың тарихи костюмі Олимпиада мұражайына қойылды

Бүгін 16:15

Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанды

Бүгін 15:42

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Бүгін 15:18

Кунг-фу панда бейнесі: Джеки Чан Шайдоровтың өнеріне сүйсінді

Бүгін 14:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі