Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстан мұғалімдері үшін тегін цифрлық курстар ә...

Қазақстан мұғалімдері үшін тегін цифрлық курстар әзірленді

Өмір-өзен 15.07.2021, 20:28 4,813
Қазақстан мұғалімдері үшін тегін цифрлық курстар әзірленді
Сурет: Aksam.com.tr

Оған педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері де қатыса алады.


Қазақстан ұстаздары онлайн курстарға қатысуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, онлайн-курстар 2 тамызда басталып, 31 қазанға дейін жалғасады. Оған педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері де қатыса алады.



«Пандемия жағдайында мұғалімдердің рөлі, қоғамдағы орны мен еңбегі одан әрі айқындала түсті. Цифрландыру заманында мұғалімдердің ІТ құзіреттіліктерін арттыру қажет. Курс педагогтердің цифрлық дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Курс бағдарламасы Еуропалық білім қорымен бірлесіп әзірленді. ЕБҚ сарапшысы бейнепедагогика негіздері бойынша сессия өткізіп, бейнематериалдар жасау бойынша өз әдістемесімен бөліседі. Курс білім және ғылым министрлігінің www.edu.kz платформасында орналастырылады. Сондай-ақ Microsoft Kazakhstan, Bilim Media Group және Kundelik оқыту курсы аясында педагогтерге арналған бейнедәрістер әзірледі», – деді ҚР БҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрайымы Әсел Мұхаметжанова.



Қазақстандық мұғалімдер Финляндия мен Оңтүстік Кореяның білім беру процесіне инновациялық технологияларды интеграциялау тәжірибесімен танысады. Курстарда цифрлық білім беру технологияларын пайдалана отырып, педагогтерді сабақты жобалау әдістемелеріне үйретеді. Сондай-ақ педагогтер  ActivStudio, Pictochart, Jamboard, Prezi, Flippity сандық бағдарламаларын кәсіби түрде меңгеріп, ұлттық білім беру дерекқорының ресурстарын пайдалануды үйренеді.


Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі қосымша білім беру педагогтері үшін де курстар ұйымдастырып, қазіргі таңда 2000-ға жуық педагог біліктілігін арттырды. Олар үшін жетекші ғалымдардың, оқытушылардың және практик-педагогтердің арнайы шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. 



«Курстың әрбір қатысушысы өз тәжірибесін басқалардың нәтижелерімен салыстыруға, өзінің атқарған жұмысының бағасын білуге, сондай-ақ әріптестерінің, ғалымдардың, әдіскер-практиктердің кеңестері мен ұсынымдарын тыңдауға мүмкіндік алды. Біліктілікті арттыру курстары педагогтерді жетілдіруге көмектесіп, олардың кәсіби қарым-қатынас аясын кеңейтеді», – деп атап өтті ҚР БҒМ республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Минобразования #Ұстаз #курс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика