AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты әуе рейсте...

Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты әуе рейстерінің саны өсті

Әлеумет 18.08.2026, 12:05 338
Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты әуе рейстерінің саны өсті
ҚР Көлік министрлігі

Негізгі бағыттар бойынша рейстер саны аптасына 76-дан 138 рейске дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылғы 13–14 тамызда Түркияның Ыстанбұл қаласында Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының авиация билігі арасында келіссөздер өтті. Қазақстан делегациясынҚазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, ал түрік делегациясын Түркия Республикасының Азаматтық авиация бас басқармасының бас директоры, профессор, доктор Кемал Юксек басқарды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша 2026 жылғы 14 тамызда тараптар азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және екі ел арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге бағытталған өзара түсіністік туралы жаңа меморандумға қол қойды.

Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, негізгі бағыттар бойынша (Ыстанбұлдан Астана, Алматы және Шымкент қалаларына, АнкараданАстана және Алматы қалаларына) екі тараптың әуекомпаниялары үшін рұқсат етілген рейстер саны аптасына 76-дан 138 рейске дейін ұлғайтылды.

Туристік бағыттар бойынша (Анталья және Бодрум қалаларынан Қазақстан қалаларына) рейстер саны аптасына 44-тен 86 рейске дейін арттырылды.

Осылайша, жоғарыда аталған бағыттар бойынша рұқсат етілген рейстердің жалпы саны аптасына 120-дан 224 рейске дейін көбейді.

Қалған барлық бағыттар бойынша екі тараптың әуе компанияларына аптасына 14 рейске дейін орындауға мүмкіндік көзделді. Бұл тікелей әуе қатынасын кеңейтуге және өңірлік көлік байланыстылығын дамытуға жағдай жасайды.

Сонымен қатар, екі тарап үшінші елдерге тасымалдарды жүзеге асыру мақсатында әуе еркіндігінің бесінші дәрежесін пайдалана отырып, 76-ға дейін жүк рейсін орындау туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Келіссөздер барысында тараптар азаматтық авиацияның кең ауқымды бағыттары бойынша ынтымақтастықты жандандыру жөнінде де уағдаласты. Атап айтқанда, әуе көлігін мемлекеттік реттеу, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру, әуежай инфрақұрылымын дамыту және саланы цифрландыру мәселелері қамтылды.

Қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту жолындағы маңызды қадам болды.

Әуе қатынасының кеңеюі әуе тасымалдарына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға, жолаушылар мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға, туристік ағындардың одан әрі өсуіне, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және екі достас мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Түркия #Әуе рейстері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Медеу ауданында жеке секторды газдандыру және экологиялық мәселелер талқыланды

Бүгін 12:27

Жүрегі мейірімге толы, ісі көпке үлгілі ұстаз

Бүгін 12:24

Алматыда «Таза қалаға 15 секунд арнаңыз» флешмобы басталады

Бүгін 11:33

«Жасыл даму» АҚ-мен серіктестік аясында Sparklo фандоматтары арқылы 5 миллионнан астам бөтелке мен банка жиналды

Бүгін 11:25

Алматылық спортшы Дамир Тоқтаров Азия ойындарында тарихи қола жүлде иеленді

Бүгін 11:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);