AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан мен Ресейдің СІМ өкілдері кездесті

Қазақстан мен Ресейдің СІМ өкілдері кездесті

Саясат 19.07.2022, 05:38 1,593
Қазақстан мен Ресейдің СІМ өкілдері кездесті
Сурет: Іnbusiness.kz

Кездесу барысында тараптар Азиядағы көпжақты форматтағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының жай-күйі мен дамуы туралы пікір алмасты.


Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Игорь Моргуловпен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Тараптар Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) шеңберіндегі екі елдің қарым-қатынас мәселелеріне ерекше назар аударды. Азия кеңесіндегі қазақстандық тараптың қазіргі төрағалығын ескере отырып, Ә. Тұрсынов ресейлік дипломатты 2022 жылғы қазанда өтетін АӨСШК 6-шы Саммитіне дайындық барысы, оның ішінде іс-шараның күн тәртібі, оның мазмұндық және ұйымдастырушылық аспектілері туралы хабардар етті.


Ресей тарапы форум қызметін жандандыру бойынша Қазақстан төрағалығымен жүргізіп жатқан жұмысты жоғары бағалап, Азия кеңесін халықаралық ұйымға айналдыруды қолдайтынын білдірді.


Сонымен қатар, тараптар АӨСШК аясындағы іс-шаралар кестесін талқылады.


Келіссөздер қорытындысы бойынша дипломаттар АӨСШК 6-шы Саммитін табысты өткізу, сондай-ақ Азиядағы көпжақты форматтағы екі ел арасындағы ынтымақтастығын нығайту мақсатында белсенді байланыстарды жалғастыруға келісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Ресей #СІМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);