Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықта...

Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады

Мәдениет 26.06.2022, 07:30 1,443
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Сурет: Egemen.kz

Қытайда Қазақстан Мәдени орталығы ашылады. Өз кезегінде Қазақстанда да Қытайдың осындай орталығы қызмет көрсететін болады. Мұндай келісім Бейжіңде Қазақстан елшісі Шахрат Нұрышевтің ҚХР Мәдениет және туризм министрі Ху Хэпинмен кездесуінде қол жеткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


Кездесуде тараптар мәдени-гуманитария саласындағы байланысты одан әрі нығайту және туризмді дамыту мәселелерін талқылады.


Ш.Нұрышев жақын уақытта тұрақты авиарейстер қайта ұша бастайтынын және онымен адамдар байланысының белсенді бола түсетінін ескеріп, екіжақты диалогты жандандырудың қажеттігіне назар аударды.


Қазақстан елшісі Қазақстанда және Қытайда өзара мәдени орталықтарды құру бұл бағыттағы екіжақты қатынастың дамуына серпін беретінін атап өтті.


Сонымен қатар дипломат Қытай министрін Қазақстанның туристік мүмкіндіктері және ҚР Үкіметінің Туризм саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шараларымен таныстырды.


Бұдан бөлек елші Қазақстанның ҚХР азаматтарына 14 күнге дейін визасыз жүру мүмкіндігін беру жоспарын ескеріп, ҚР азаматтары үшін де ұқсас жағдай жасау мәселесін көтерді.


Өз кезегінде Ху Хэпин Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастықтың зор келешегі бар екенін ерекше атап өтті. Ол жыл соңында жоспарланған Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитетінің Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 15-ші отырысы екі ел арасындағы мәдени-гуманитария бағытындағы байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді.


Сонымен бірге ҚХР Мәдениет және туризм министрі Қазақстан Үкіметінің елдің туристік әлеуетін дамыту бойынша қабылдап жатқан шараларын жоғары бағалады, сондай-ақ қытайлық тараптың мәдениет орталықтарын өзара құруға дайын екенін білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қытай #Қазақстан #Мәдени орталығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызы Бангкок төрінде бас жүлде жеңіп алды

Бүгін 15:22

Алматылық спортшылар үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Бүгін 15:17

Алматыда Жароков көшесінің бір бөлігінде жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары басталады

Бүгін 15:15

Алматыда 380 мың шаршы метрден астам аумаққа гүл егіледі

Бүгін 15:13

Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты “Барыс” орденімен марапаттады

Бүгін 14:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика