AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Қытай су тасқынымен бірлесіп күресу...

Қазақстан мен Қытай су тасқынымен бірлесіп күресу жөнінде келісімге келді

Әлеумет 24.09.2024, 18:15 1,442 dulatbekova
Қазақстан мен Қытай су тасқынымен бірлесіп күресу жөнінде келісімге келді
Сурет: Gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытай Халық Республикасы Су шаруашылығы министрлігімен су тасқынымен күрес бағытында ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр.

Министр Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында су тасқынына дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Cу ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Бұдан бөлек, ведомство Ресей Федерациясымен су тасқыны кезеңінде тараптардың іс-қимылын үйлестіру үшін барлық трансшекаралық су ағындары бойынша бірыңғай жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

«Тасқын суды жинау және қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету үшін министрлік 2,6 млрд текше метр су сақтай алатын 42 жаңа су қоймасын салуды, жалпы жобалық көлемі 3,7 млрд текше метр болатын 37 су қоймасы мен 14,5 мың шақырым ирригациялық каналды реконструкциялауды жоспарлап отыр. Биыл Түркістан облысында 2 су қоймасының құрылысы басталды. Ақтөбе, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында 3 су қоймасы кешенді реконструкциядан өтуде. Сондай-ақ, Қазсушар филиалдары су тасқыны кезінде үлкен көлемде су қабылдаған 34 гидротехникалық құрылысты жөндеу жұмыстарын бастады. Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында 95 шақырым каналды механикаландырылған тазалау жұмыстары жүргізілді»,- деді министр Нұржан Нұржігітов.

Айта кету керек, су тасқыны жағдайы тек жағымсыз салдарға ғана емес, сонымен қатар су қоймаларына экономика салаларының қажеттіліктері үшін пайдаланылатын 12 млрд текше метрден астам су жинауға мүмкіндік берді.

Мысалы, Қ.Сәтбаев атындағы канал арқылы толтырылатын Астана су қоймасына тасқын суын жинау 2 млрд теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, тасқын көптен бері тіршілік нәрі бармаған жерлерге суды бағыттап, экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді. Мысалы, Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр, Ұлытау облысынан Қызылорда облысына 839 млн текше метр су жіберілді. Тарихта алғаш рет Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көл жүйелеріне су жеткізілді.

Жыл басынан бері Балқаш көліне 12 млрд текше метр, Каспий теңізіне – 7,4 млрд текше метр су жіберілді.

2024 жылғы қыркүйек айының басындағы жедел деректерге сәйкес, су қоймаларынан ауыл шаруашылығында 8,4 млрд текше метр, өнеркәсіпте 3,7 млрд текше метр су пайдаланылды.

 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Қытай #су тасқыны #бірлесіп күресу #келісім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Кеше 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);