AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау / Астанада аса маңызды материалдарды зерттейтін Ұлтт...

Астанада аса маңызды материалдарды зерттейтін Ұлттық зертхана құрылады

Жолдау Бүгін 16:10 59
Астанада аса маңызды материалдарды зерттейтін Ұлттық зертхана құрылады
Primeminister.kz

Бұл шикізат базасын игерудің басым бағыттарын айқындауға және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Үкіметте Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттер аясында экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев өз сөзінде жер қойнауын пайдалану саласын дамытуға, аса маңызды материалдар өндірісін жолға қоюға және геологиялық барлау жұмыстарын жаңғыртуға ерекше басымдық берілетінін атап өтіп, Қазақстанның жаһандық өндірістік тізбектерге интеграциялануын жеделдету мақсатында Астана қаласында Ұлттық зертхана құрылатынын мәлімдеді. Бұл шикізат базасын игерудің басым бағыттарын айқындауға және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

«Автомобиль жасау мен баламалы энергетика салаларының қарқынды өсіп келе жатқан сұранысын ескере отырып, саланы дамыту төрт өндірістік секторға шоғырландырылады. Олар – аккумуляторларға арналған материалдар өндірісі, реактивті қозғалтқыштардың бөлшектеріне арналған материалдарды қайта өңдеу және өндіру, жартылай өткізгіштер өнеркәсібі, тұрақты магниттер өндірісінің толық тізбегі. Аталған бағыттар бойынша, оның ішінде шетелдік инвестициялардың қатысуымен жүзеге асырылатын жобалар топтамасы қалыптастырылды. Германияның Bergbau AG компаниясымен, Кореяның геологиялық-геофизикалық зерттеулер және минералдық ресурстар институтымен, Аустралияның Lindian Resources Limited компаниясымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастық жүзеге асырылуда», – деп атап өтті Нұрлыбек Нәлібаев.

Мемлекет басшысының геология саласы бойынша тапсырмасын жүзеге асыру аясында жер қойнауын зерттеу озық технологияларды қолдану арқылы жүргізілуде. Елімізде алғаш рет 1:50 000 масштабындағы мемлекеттік геологиялық түсірілім жұмыстары басталды. Алдағы үш жылда шамамен 100 мың шаршы шақырым аумақта 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

«Дәстүрлі әдістермен қатар жасырын кен шоғырларын анықтауға арналған озық Ionic Leach технологиясы, жасанды интеллект, спутниктік деректер және ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылуда. Қазірдің өзінде 7 нысанның перспективалылығы туралы алдын ала деректер алынды. Перспективалылығы расталған учаскелерді келесі жылы аукционға шығаруға дайындау жоспарланды», – деп атап өтті Нұрлыбек Нәлібаев.

Сонымен қатар Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасына шамамен 4,8 млн бірлік бастапқы геологиялық ақпарат интеграциялануда. Бұл жинақталған деректерді жаңа кен орындарын іздеу кезінде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда SI Film Lab | Freedom 250 жобасы басталады

Бүгін 17:27

Алматыда сарапшылар Президент Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады

Бүгін 16:31

ЕЭК Кеңесі экспортталатын тауарлардың шығуы мен электротехникалық өнімдерді таңбалау бойынша шешімдер қабылдады

Бүгін 16:30

Алматыдағы Наталия Сац атындағы театр ауқымды қайта жаңғыртудан кейін көрермендерге есігін қайта ашады

Бүгін 16:24

Елімізде әуе кемелерінің паркі 10 ұшаққа дейін ұлғайтылмақ

Бүгін 16:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);