AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау / Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлері Бішке...

Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлері Бішкекте ІІ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

Жолдау Бүгін 13:52 56
Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлері Бішкекте ІІ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты
Primeminister.kz

Форум қорытындысы бойынша іскерлік байланыстардың өңіраралық ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қырғыз Республикасына жасаған ресми сапары аясында «Стратегиялық әріптестікті дамытудағы өңірлердің рөлі» атты Қазақстан мен Қырғызстанның ІІ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты. Сондай-ақ Бішкек қаласында Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің 14-ші отырысы өтеді.

Іс-шараға Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Қазақстанның Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Жетісу облыстарының, Алматы және Түркістан қалаларының, сондай-ақ Қырғызстанның Ыстықкөл, Шу, Талас, Ош, Жалал-Абад және Нарын облыстарының басшылары, мемлекеттік органдар мен іскерлік орта өкілдері қатысты.

Форум барысында өңірлер арасындағы тікелей байланысты нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, көлік-логистика және туризм салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды. Жиында қалалар мен өңірлер арасындағы бауырластық байланыстарды дамыту, ынтымақтастықты кеңейту және жаңа әріптестік қатынастарды қалыптастыру мәселелеріне ерекше мән берілді.

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен біз барлық елдермен ашықтыққа және сындарлы әріптестікке негізделген Әділетті әрі Озық Қазақстанды дәйекті түрде құрып жатырмыз. Мұндай ұстаным экономиканы нығайту, инвестициялық тартымдылықты арттыру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және бизнес үшін барынша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Біз бауырлас Қырғызстанмен одақтастық қатынастарды жан-жақты дамытуға айрықша мән береміз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

«Біздің екіжақты ынтымақтастығымыз түбегейлі жаңа деңгейге шықты. Біз екіжақты өзара іс-қимылды нығайтудың маңызды тетігіне айналатын екінші өңіраралық форумды өткізуге ерекше мән береміз. Қырғызстанның Шу, Талас және Ыстықкөл облыстары Қазақстанның Алматы және Жамбыл облыстарымен дәстүрлі тығыз байланыста. Сонымен қатар, біздің өңіраралық ынтымақтастығымыз шекаралас облыстармен шектелмейді. Қалаларымыз бен облыстарымыздың арасында тікелей байланыстар орнатылған», — деді Адылбек Касымалиев.

Қырғызстан – Қазақстанның маңызды сауда серіктестерінің бірі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі 33%-ға өсіп, $2,4 млрд-қа жетті. Осы жылдың басынан бері бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тағы 20%-ға өсті. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың екіжақты тауар айналымын $3 млрд-қа дейін ұлғайту міндетін қойғанын атап өтті.

Экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуда шекара маңындағы аймақтарға маңызды рөл беріледі. Қазақстанның Алматы және Жамбыл облыстары Қырғызстанның Ыстықкөл, Талас және Шу облыстарымен шектеседі. Мемлекеттік шекараның жалпы ұзындығы шамамен 1,2 мың шақырымды құрайды. Жамбыл облысын шекара маңы саудасы мен логистиканың негізгі орталықтарының бірі ретінде дамытуға баса назар аударылды. Оның аумағында қазақ-қырғыз шекарасындағы 8 өткізу пунктінің 7-еуі орналасқан, елімізде қырғыздардың қатысуымен 1 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Одан бөлек, перспективалы бірлескен жобалардың бірі – Жамбыл облысында жүзеге асырылып жатқан индустриялық сауда-логистикалық кешені.

Көлік-транзиттік ынтымақтастықты дамыту перспективалары қаралды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы теміржол тасымалының көлемі 10%-ға артып, 6,8 млн тоннаға жетті. Осы жылдың тоғыз айында 5,1 млн тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 8,3%-ға артық.

Автомобиль қатынасында да оң динамика сақталуда: өткен жылдың қорытындысы бойынша жүк тасымалдау көлемі 37%-ға өсіп, 3,7 млн тоннаны құрады. Электронды рұқсаттар алмасуға көшу көлік процедураларын жеңілдетудегі маңызды қадам болды.

Туристік саладағы айтарлықтай әлеует атап өтілді. Қазақстан мен Қырғызстан таулы, экологиялық, жағажай және іскерлік туризм саласындағы бірлескен маршруттарды дамыту үшін кең мүмкіндіктерге ие. Осы жылдың 9 айында өзара туристік ағын 4 млн адамнан асты.

Тараптар өңірлер арасындағы тікелей байланыстарды одан әрі кеңейтуге, бірлескен өндірістерді, сауданы, көлік инфрақұрылымын және туризмді дамытуға мүдделілігін растады. Белгіленген бастамаларды жүзеге асыру қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігін нығайтуға және өңірдің орнықты экономикалық дамуына ықпал ететін болады.

Форум қорытындысы бойынша іскерлік байланыстардың өңіраралық ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, Алматы мен Бішкек арасындағы 2026–2030 жылдарға арналған бауырластық байланыстарды дамыту, Түркістан мен Манас қаласы арасында, сондай-ақ Щучье – Бурабай курорттық аймағы мен Ыстықкөл көлінің курорттық аймағы арасында бауырластық қатынастар орнату туралы. Бірқатар келісім Қырғызстанның Ыстықкөл, Жалал-Абад және Нарын облыстарымен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Бұдан бөлек, Қырғызстан нарығында қазақстандық өнімді сату, экспорттау және ілгерілету салаларында бірқатар коммерциялық құжатқа қол қойылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА МИКРОБИОЛОГИЯ, ВИРУСОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін 14:41

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 14:33

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 14:31

Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды

Бүгін 14:30

Аванстық төлемді төлеудің тәртібі мен салық жеңілдігін қолдану жағы қалай өзгерді?

Бүгін 14:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);