AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Аванстық төлемді төлеудің тәртібі мен салық жеңілд...

Аванстық төлемді төлеудің тәртібі мен салық жеңілдігін қолдану жағы қалай өзгерді?

Экономика Бүгін 14:05 52
Аванстық төлемді төлеудің тәртібі мен салық жеңілдігін қолдану жағы қалай өзгерді?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда корпоративтік табыс салығын (КТС) әкімшілендіру тәртібі өзгерді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл өзгеріс бірінші тоқсанға арналған аванстық төлемнің есебін мемлекеттік кірістер органдарына беру, оларды төлеу міндетін айқындау үшін жиынтық жылдық табыс шегін көтеру, сондай-ақ жекелеген ұйымдардың салық салу тәртібін өзгерту мәселесін қамтыды. Жаңа норманы қолданудың жөн-жосығын Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте түсіндіріп берді.

Алматыдағы мемлекеттік кірістер департаментінің Әуезов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Бек Болатжанұлы Қалиақбар салық заңнамасындағы осы өзгерісті айтып өтті.

Негізгі өзгерістің бірі — салық декларациясын тапсырғанға дейін КТС бойынша аванстық төлемді салық төлеушінің өз бетінше есептеуінің бұрынғы тәртібінің жойылуы. Енді бірінші тоқсанға арналған аванстық төлемді мемлекеттік кірістер органдары есептейді.

Жаңа тәртіпке сәйкес, қаңтар, ақпан мен наурыз айына төленетін сомалар алдыңғы салық кезеңі үшін есептелген аванстық төлемнің жалпы сомасының он екіден бір бөлігі мөлшерінде ай сайын есептеледі. Бұл тәртіп алдыңғы салық кезеңінде аванстық төлемді төлеуші болған салық төлеушілерге қолданылады.

Осылайша, есептеу рәсімінің бір бөлігі салық органдарына беріліп, салық міндеттемесін орындау жеңілдетіліп, бизнеске түсетін әкімшілік жүктеме де азаймақшы.

Сонымен бірге, бұл өзгеріс барлық заңды тұлғалар үшін аванстық төлемді төлеу міндетінің жойылғанын білдірмейді. Оларды есептеу қажеттілігі салық кодексінде белгіленген өлшемшарт пен салық төлеушінің санатына байланысты айқындалады.

Жиынтық жылдық табыс шегінің өзгеруі

КТС бойынша аванстық төлемді есептеу мен төлеу міндетін айқындауға арналған жиынтық жылдық табыс шегіне де елеулі өзгеріс енгізілді.

2026 жылдан бастап бұл шек 600 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін ұлғайтылды. Бұған дейін 325 000 АЕК мөлшеріндегі шек қолданылған.

Тиісті міндеттеменің бар-жоғын анықтау кезінде заңнамада көзделген алдыңғы салық кезеңі үшін түзету ескерілген жиынтық жылдық табысты есепке алу қажет.

Шектің ұлғаюы КТС бойынша аванстық төлемді төлеуге міндетті салық төлеушілер санын қысқартып, табысы белгіленген деңгейге жетпейтін ұйымдардың ағымдағы қаржылық жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте аванстық төлем мен түпкілікті салық міндеттемесін ажырата білу қажет: аванстық төлемді төлеуден босату корпоративтік табыс салығын төлеуден босатуды білдірмейді.

Декларация тапсырғаннан кейінгі аванстық төлемді есептеу тәртібі

Салық декларациясы тапсырылғаннан кейін аванстық төлемді салық төлеушінің өзі Қазақстан Республикасының жаңа салық кодексінің 350-бабына сәйкес есептейді.

Жалпы тәртіп бойынша ай сайынғы аванстық төлемнің мөлшері кодексте белгіленген ережеге сәйкес алдыңғы салық кезеңі үшін есептелген КТС сомасының он екіден бір бөлігіне тең болады.

Сонымен қатар, кей жағдайда ағымдағы салық кезеңінде болжанатын КТС сомасы негізінде есептеу көзделген. Мұндай тәсіл заңнамада тікелей қарастырылған жағдайда, оның ішінде алдыңғы кезеңде салық сомасы нөлге тең болғанда, сондай-ақ заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыруға немесе цифрлық активтер саласындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты кейбір жағдайда қолданылады.

Сондықтан салық төлеушілер ұйымның қызмет түрі мен салық көрсеткішін ескере отырып, есептеудің тиісті тәртібін дұрыс анықтауы қажет.

Салық заңнамасында декларация тапсырылғаннан кейін аванстық төлемдер бойынша міндеттемені орындаудың нақты мерзімі белгіленген.

Атап айтқанда:

- аванстық төлемнің есебі есепті салық кезеңінің 20 сәуірінен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс;

- екінші, үшінші және төртінші тоқсанның әр айы үшін төлемдер тиісті айдың 25-інен кешіктірілмей аударылады;

- салық төлеуші ағымдағы салық кезеңінде болжанатын КТС сомасын ескере отырып, аванстық төлемнің мөлшерін түзетуге құқылы;

- түзетуді ескере отырып, қосымша есеп есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанына дейін ұсынылуы мүмкін.

Бұл ретте түзетілген аванстық төлем сомасы теріс мәнге ие болмауы тиіс.

Белгіленген мерзімді сақтау мен есептеудің дұрыстығын қамтамасыз ету салық міндеттемесін орындаудың маңызды шарты болып қала береді.

Аванстық төлемді төлеуден босатылатын санаттар

Жаңа тәртіп салық төлеушілердің жекелеген санаты үшін ерекшелік қарастырған. Атап айтқанда, заңнамада белгіленген талап орындалған жағдайда, жиынтық жылдық табысы белгіленген шекке жетпейтін заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуден өткен салық кезеңінде және одан кейінгі салық кезеңінде жаңадан құрылған ұйымдар аванстық төлемді төлемейді.

Жекелеген коммерциялық емес ұйымдарға, «Астана Хаб» халықаралық IT-стартаптар технопаркінің қатысушылары мен салық кодексінде тікелей көрсетілген басқа да санаттарға арнаулы қағида көзделген.

Тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшін де арнаулы шарт қарастырылған. Оларды қолдану тіркеу мен қызметті жүзеге асырудың нақты жағдайына байланысты.

Босатуға құқығы бар-жоғын анықтау кезінде қолданыстағы салық кодексінің тиісті нормасын басшылыққа алу қажет. Ұйымның белгілі бір санатқа жатуы оның барлық салық міндеттемесінен автоматты түрде босатылатынын білдірмейді.

Әлеуметтік сала ұйымдарына салынатын КТС мөлшерлемелері

Брифингте медициналық және білім беру мекемелерін қоса алғанда, әлеуметтік салада жұмыс істейтін ұйымдарға салық салу тәсілінің өзгеруіне де ерекше назар аударылды.

2026 жылға дейін қолданыста болған салық кодексінің 290-бабында белгіленген талапқа сәйкес келетін әлеуметтік сала ұйымдары үшін осындай қызметтен түскен кірістер бойынша КТС төлеуден босату тетігі қарастырылған болатын.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл тәсіл өзгерді. Жаңа чалық кодексінің 330-бабының ережесін қолданатын ұйымдарды қоспағанда, әлеуметтік сала ұйымдары үшін корпоративтік табыс салығының мынадай мөлшерлемелері белгіленді:

5% — 2026 салық кезеңі үшін;

10% — 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап.

Тиісті мөлшерлемені қолдану ұйымның заңнамада көзделген салық төлеушілер санатына жататынына және кодекстің арнаулы ережесін қолдануға негіздің бар-жоғына байланысты.

Осыған байланысты әлеуметтік сала ұйымдары салық міндеттемесін жоспарлау, салық есебін жүргізу мен есептілікті дайындау кезінде жаңа талапты ескеруі қажет.

Салық төлеушілер нені ескеруі керек?

2026 жылы күшіне енген өзгеріс аванстық төлемді әкімшілендіру тәртібін де, салықтық жеңілдік пен преференцияларды қолданудың жекелеген мәселесін де қамтиды.

Заңды тұлғаларға:

жаңа табыс шегін ескере отырып, аванстық төлемді есептеу міндетінің өздеріне қолданылатынын тексеру;

белгіленген мерзімде тиісті есептерді ұсыну;

КТС мөлшерлемесінің өзгеруін қаржылық жоспарлау кезінде ескеру;

салық төлеушінің санатын және арнайы салық нормаларын қолдану негізін дұрыс айқындау ұсынылады.

Бұл талапты сақтау салық міндеттемесін есептеу кезінде қателікке жол бермеуге, заңнама талабын уақтылы орындауға сеп болады.

КТС-ті әкімшілендіру мен салық нормасын қолдану мәселесі бойынша толығырақ түсіндірмені мемлекеттік кірістер органдарындағы салық төлеушілерге арналған кеңестен алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#салық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА МИКРОБИОЛОГИЯ, ВИРУСОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін 14:41

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 14:33

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 14:31

Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды

Бүгін 14:30

Қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің 14-ші отырысы: Олжас Бектенов пен Адылбек Касымалиев тауар айналымын арттыру мәселелерін талқылады

Бүгін 14:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);