AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сый...

Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды

Алматы Бүгін 14:30 45
Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды

Shymbulak тау курорты SKI BUSINESS AWARDS 2026 халықаралық салалық сыйлығының лауреаты атанды. Velvet Shymbulak Club клубтық бағдарламасы туристік қызмет көрсету сапасын арттырып, жаңа қызмет көрсету стандарттарын енгізгені үшін марапатқа ие болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Марапаттау рәсімі 28 қазанда Мәскеуде Туристік аумақтар форумы аясында өтті. Shymbulak курорты бұл сыйлықты бесінші рет иеленіп отыр. Бұған дейін курорт 2021, 2023, 2024 және 2025 жылдары түрлі аталымдар бойынша марапатталған.

Курорттың халықаралық деңгейде мойындалуы Алматы тау кластерін дамыту жұмыстарымен тұспа-тұс келіп отыр. Жоба аясында 32 жаңа аспалы жол салу, шаңғы трассаларының ұзындығын 151 шақырымға дейін жеткізу және курорт инфрақұрылымының тәулігіне 6 мыңнан 30 мың адамға дейін қызмет көрсету мүмкіндігін арттыру көзделген.

Қазір жұмыс Shymbulak курортында, сондай-ақ Бұтақты және Кімасар шатқалдарында жүргізіліп жатыр. 2026 жылдың соңына дейін курортта екі жаңа аспалы жол салынып, шаңғы тебу аймағын кеңейту жоспарланған.

Тау кластерін дамыту жыл бойы демалуға қолайлы жағдай жасауға, қолданыстағы инфрақұрылымға түсетін жүктемені азайтуға және тау курорттарын қала тұрғындары мен туристер үшін қолжетімді етуге бағытталған.

Туризм басқармасының мәліметінше, инфрақұрылымды кеңейту келушілер санын арттыруға, туристік қызмет түрлерін дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА МИКРОБИОЛОГИЯ, ВИРУСОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін 14:41

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 14:33

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 14:31

Аванстық төлемді төлеудің тәртібі мен салық жеңілдігін қолдану жағы қалай өзгерді?

Бүгін 14:05

Қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің 14-ші отырысы: Олжас Бектенов пен Адылбек Касымалиев тауар айналымын арттыру мәселелерін талқылады

Бүгін 14:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);