Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстан мен Қырғызстан министрлері ҚазҰУ филиалы...

Қазақстан мен Қырғызстан министрлері ҚазҰУ филиалымен танысты

Білім және ғылым 25.08.2025, 16:03 484
Қазақстан мен Қырғызстан министрлері ҚазҰУ филиалымен танысты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Қырғыз Республикасының Ғылым, жоғары білім және инновациялар министрі Бактияр Орозов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Бішкек қаласындағы филиалына барды.

Кездесуге ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Марғұлан Ибрайымов, Қырғыз Республикасының Ғылым, жоғары білім және инновациялар министрінің орынбасары Нұрлан Омуров, сондай-ақ ҚазҰУ филиалының директоры Жамин Шейшенов қатысты. 

Министрлер университет филиалының оқу және ғылыми қызметімен танысып, оқу аудиторияларын аралады. ҚазҰУ-дың Ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Марғұлан Ибрайымов  пен филиал директоры Жамин Шейшенов оқу орнының құрылуы, қазіргі қызметі мен даму перспективалары жөнінде таныстырды.

ҚазҰУ-дың Бішкек қаласындағы филиалы 2022 жылғы 26 мамырда ашылды. Оның ресми ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров қатысуымен өткен болатын. Кездесу барысында министрлер тарапынан нақты ұсыныстар айтылып, болашақта жүзеге асырылуы мүмкін бастамалар қозғалды. Министр Саясат Нұрбек өз сөзінде аталмыш филиалдың Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің нақты нәтижесі екенін атап өтті. «Екі елдің жастарын сапалы біліммен қамтамасыз етіп, ғылыми әлеуетін арттыру жолындағы ортақ күш-жігеріміз болашақта үлкен жетістіктерге жеткізеді», – деді министр.

Бүгінгі таңда филиалда 12 бакалавриат бағдарламасы және бейіндік магистратура бойынша білім беріледі. Ең көп сұранысқа ие мамандықтар қатарында – «Құқықтану», «Менеджмент», «Компьютерлік инженерия» және «Шетел филологиясы» бар. Қазіргі уақытта филиалда 750-ге жуық студент оқиды, ал 2025–2026 оқу жылына 630-дан астам талапкер қабылданған. Дәрістер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Сондай-ақ сапар аясында білім министрлері ҚазҰУ филиалының оқытушы-профессорлар құрамы және студенттерімен жүздесті.  

Жиылғандар өзара пікір алмасуға белсенді атсалысып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Студенттер оқуды тамамдаған соң жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен қосымша білім жетілдіру жолдарына қызығушылық танытты. Қырғыз Республикасының министрі Бақтияр Орозов өз тарапынан: «Біздің түлектеріміздің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуы маңызды. Біз қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін жаңа білім беру стандарттарын енгізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз», – деп пікір білдірді.

Сонымен қатар басқосу барысында академиялық алмасу, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру және білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері кеңінен талқыланды. 

Филиал жұмысымен танысу екі ел арасындағы білім беру байланыстарын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

Айта кетсек, бүгінде ҚазҰУ-дың шетелдегі филиалдары Түркияның Ыстамбұл қаласында және Ресейдің Омбы қаласында да табысты жұмыс істеп келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#министр #Қазақстан #қырғызстан #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Көктөбедегі Көрісу күні»: алматылықтарды дыбыстық дрондар мен роботтар Көрісу күнімен құттықтады

Бүгін 15:57

GIZ Қазақстанның бассейндік су инспекцияларына 240 жаңа техника береді

Бүгін 15:52

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: үш жылда 217 жаңа мектеп

Бүгін 15:44

Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алады?

Бүгін 15:25

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика