AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстан мен Өзбекстан сенаторлары Арал мәселесін...

Қазақстан мен Өзбекстан сенаторлары Арал мәселесін талқылады

Өмір-өзен 28.10.2022, 11:12 1,577
Қазақстан мен Өзбекстан сенаторлары Арал мәселесін талқылады
Сурет: Centralasia-travel.com

Жаһандық экологиялық проблемаларының бірі. 


Қазақстан Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаевамен бірге екі ел парламенттері палаталары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның үшінші отырысына қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Комиссияның жұмысын аша отырып, Мәулен Әшімбаев қазіргі кезеңде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сындарлы және сенімді диалог құрғанын атап өтті.



«Бүгінде біздің көшбасшыларымыз ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың үлгісін көрсетіп отыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы сапарын бауырлас Өзбекстанға жасады. Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің 2021 жылғы желтоқсандағы Мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша біздің әріптестігіміз одақтас қатынас деңгейіне көтерілді. Біздің Палаталар арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссия белсенді жұмыс істеп жатыр. Комиссияның екі тең төрағасының белсенді жұмысын атап өткім келеді», - деді Мәулен Әшімбаев.



Сенаторлардың талқылайтын негізгі мәселелердің бірі - Арал теңізі апатының салдарын жою бойынша өзара іс-қимыл перспективалары.



«Аралдың құрғауын БҰҰ және бүкіл әлемдік қоғамдастық қазіргі заманның жаһандық экологиялық проблемаларының бірі деп таныды. Қазақстан мен Өзбекстан Арал өңіріндегі жағдайды едәуір дәрежеде тұрақтандыруға мүмкіндік беретін тиісті шараларды және жобаларды іске асырып жатыр. Бүгін комиссия отырысында біздің депутат әріптестеріміз осы өткір экологиялық проблеманы шешу үшін парламенттер тарапынан бірлескен жұмыс бойынша одан әрі ұсыныстар мен идеялар көтеретініне сенімдімін», - деді Мәулен Әшімбаев.



Сондай-ақ, отырыс барысында сенаторлар өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығын дамыту, сондай-ақ екі ел қалаларының байланысын нығайту мәселелерін талқылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Арал #Экология #Қазақстан #Өзбекстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі

Бүгін 18:11

Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен танысты

Бүгін 18:08

Бүгін Алматының бір метро станциясы жабылады

Бүгін 16:30

«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді.

Бүгін 16:20

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

Бүгін 15:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);