AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстан мен Латвия көлік және логистика саласынд...

Қазақстан мен Латвия көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Экономика 16.05.2024, 16:18 993 dulatbekova
Қазақстан мен Латвия көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр
gov.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев латвиялық әріптесі Каспарс Бришкенспен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Латвиядағы көлік саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы пікір алмасып, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

«Бүгінгі таңда Қазақстан мен Латвия көлік-транзиттік ынтымақтастықты белсенді дамытып жатыр. Ынтымақтастықтың маңызды аспектілерінің бірі – көлік мәселелері бойынша тұрақты негізде жұмыс істейтін бірлескен жұмыс тобы. Аталған топ жұмыс барысында теміржол, автомобиль, әуе көлігі, транзит және логистика саласындағы көптеген маңызды сұрақты қамтиды», – деп атап өтті министрлік басшысы.

Министрдің айтуынша, бүгінде Транскаспий халықаралық көлік бағытының атқарып отырған рөлі ерекше. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жүктерді тасымалдау көлемінің екі есе артуы осының бірден-бір дәлелі.

«Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін арттыру мақсатында инфрақұрылымды және терминалдық қуаттарды жақсарту, порт қуаттарын кеңейту, жылжымалы құрамды ұлғайту, әкімшілік кедергілерді алып тастау және тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл 2025 жылға қарай халықаралық көлік бағытының өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», – деді салалық министрліктің басшысы. 

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Латвия Австрия, Германия, Литва, Эстония және Венгриямен бірге ТМТМ-ге кіруге қызығушылық танытып отыр. Осы ретте халықаралық көлік бағытының халықаралық қауымдастығы шеңберінде Әзербайжан, Грузия және Түркиямен 2027 жылға дейінгі Жол картасына қол қойылды. Ресми сапар аясында осы жылдың 31 қаңтарында Румыниямен де меморандумға қол қойылған болатын.

Сөз кезегінде бейінді министрліктің басшысы латвиялық инвесторларды инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асыруға шақырды.

«Біз транзиттік жүк ағындарының көлемін өзара ұлғайту, көлік маршруттарын белгілеу және дамыту, мультимодальды тасымалдау және логистикалық процестер саласындағы озық тәжірибелермен алмасу үшін көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайынбыз», – деп түйіндеді М.Қарабаев.

Сапар аясында қазақстандық делегация салынып жатқан Rail Baltica объектісіне мен Рига портына барды. Сонымен бірге жұмыс сапары аясында Марат Қарабаев Қазақстан-Латвия бизнес-форумында көлік саласындағы ынтымақтастық туралы баяндама жасап, Рига порты басқармасының басшылығымен және жергілікті бизнес өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Латвия #көлік #логистика #әріптестік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);