Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы өспек...

Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы өспек – заң қабылданды

Саясат 06.10.2022, 09:19 1,490
Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы өспек – заң қабылданды
Сурет: Kapital.kz.

Құжат неғұрлым тығыз ынтымақтастықты дамытуға арналған.


Сенаттың жалпы отырысында «2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан ЕАЭО мен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге хаттаманы ратификациялау туралы» Заң қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Хаттаманың мақсаты - уақытша Келісімнің қолданылу мерзімін 2025 жылғы 27 қазанға дейін ұзарту және тараптар арасындағы преференциялық сауда режимінің алшақтығына жол бермеу.



«Хаттама Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Иран арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуды көздейді. Қабылданған заң Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымының ұлғаюына оң әсер тигізеді деп сенеміз», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.



Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мәліметінше, бұл құжат бірқатар тауарлар бойынша тарифтік және тарифтік емес кедергілерді азайту арқылы елдер арасындағы тауарлар саудасын ырықтандыруға және оңайлатуға бағытталған.


Сонымен қатар еркін сауда аймағын қалыптастыру үшін негіз құруға бағытталған, оның аясында халықаралық қағидаларға, стандарттарға және практикаларға сәйкес, тараптар арасындағы саудаға қатысты баждар мен сауданы реттеудегі өзге де шектеу шаралары жойылатын болады.


Келісім мемлекеттер арасындағы экономикалық және сауда-саттықтағы өзара іс-қимылды қолдауға, неғұрлым тығыз ынтымақтастықты дамытуға арналған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Иран #сауда #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика