AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Еуропалық одақ цифрландыру және өзар...

Қазақстан мен Еуропалық одақ цифрландыру және өзара байланыс саласында ынтымақтастықты нығайтуда

Әлеумет 08.11.2024, 19:45 1,111 dulatbekova
Қазақстан мен Еуропалық одақ цифрландыру және өзара байланыс саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Еуропалық Комиссияның Халықаралық әріптестік жөніндегі бас дирекциясының Таяу Шығыс, Азия және Тынық мұхиты істері жөніндегі директоры Петерис Устубпен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар цифрлық трансформация және өңірлік өзара байланыс саласында іс-қимылды нығайтуға баса назар аударып, қазақ-еуропалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Министрдің орынбасары Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы саяси байланыстардың жоғары серпінін құптап, өзара мүдделі мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтудың маңызын атап өтті.

Бұл тұрғыда Р.Василенко Орталық Азиядағы цифрлық экономиканы дамытуға, соның ішінде ауылдық аймақтарда спутниктік байланыс арқылы қауіпсіз интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған «Team Europe Initiative on Digital Connectivity» бастамасына қолдау білдірді.

Сұхбаттастар көлік-логистика саласындағы ықпалдастықты одан әрі дамытудың маңызын атап өтіп, Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту бойынша үйлестіру платформасының белсенді жұмысын құптады.

Кездесу қорытындысы бойынша аталған салалардағы ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Анықтама: Қазақстан мен ЕО арасында Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, ратификацияланған. Аталған құжат сауда, инвестиция, инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ инновациялар, мәдениет, спорт және туризм мәселелерін секілді өзара іс-қимылдың 29 саласын қамтиды.

Былтыр Еуроодақпен тауар айналымы 3,5%-ға өсіп, 41,4 млрд АҚШ долларын құрады. 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына еуропалық инвестициялардың көлемі 180 млрд доллардан асты. Қазақстанда еуропалық капиталдың қатысуымен 3 мыңнан астам компания жұмыс істейді, соның ішінде «Shell», «Sneider», «Eni», «Total», «Air Liquide», «Alstom», «Siemens» және т.б. трансұлттық корпорациялар бар.

Жалпы сомасы 300 млрд еуродан астам қаржы бөлінген «Global Gateway» бастамасы аясында Еуропалық одақ Қазақстанда инфрақұрылымдық, атап айтқанда, ТХКБ-ны дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға ниетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Еуропалық Одақ #цифрландыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);