AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қазақстан мен ЕҚЫҰ халықаралық конференцияда азама...

Қазақстан мен ЕҚЫҰ халықаралық конференцияда азаматтық тәркілеуді талқылады

Заң мен тəртіп 02.10.2024, 14:35 1,220 dulatbekova
Қазақстан мен ЕҚЫҰ халықаралық конференцияда азаматтық тәркілеуді талқылады
Сурет: Бас пркуратура

Бас прокуратурада ЕҚЫҰ бағдарламалар Офисінің көмегімен «Азаматтық тәркілеу активтерді қайтарудың негізгі тетігі ретінде: қолдану перспективалары мен әлемдік тәжірибе» атты тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали және Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар Офисінің Басшысы Елші Фолькер Фробарт қатысушыларды қарсы алып, тақырыптың өзектілігін атап өтіп, конференция тәжірибе мен білім алмасудың маңызды алаңына айналатынына сенім білдірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Бас Прокурор Берік Асыловтың сөзімен айтқанда: «Азаматтық тәркілеу құралын қолдану практикасы мен түрлі елдердің заңдарының өз ерекшеліктері бар, дегенмен олардың мақсаты бір – ол мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету».

Іс-шараға ЕҚЫҰ және БҰҰ ЕҚБ, Халықаралық заңгерлер қауымдастығы (Ұлыбритания), Базельдің басқару институтының (Швейцария) өкілдері, Болгария, Испания және Португалиядан келген жетекші шетелдік сарапшылар, сот төрелігі, құқық қорғау және қаржы мониторингі академияларының басшылары мен ғалымдары, сондай-ақ бейінді мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.

Спикерлер шетелдік тәжірибесін ескере отырып, азаматтық тәркілеуді қолданудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ активтерді қайтару туралы Заңның негізгі ережелерін, оның ішінде пайда болуы түсініксіз байлық туралы талап қою тәртібін реттейтін мәселелерді сипаттады.

Халықаралық сарапшылар бүкіл әлемде қолданылатын сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған азаматтық тәркілеу рәсімінің тиімділігі жайлы ұстанымын білдірді.

Конференция аясында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар Офисінің Басшысымен екіжақты кездесуі өтті.

Тараптар қазіргі заманғы сын-қатерлерге, оның ішінде терроризм мен адам саудасына, кибер және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бастамаларды іске асыруда одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бас пркуратура #конференция #азаматтық тәркілеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық дәрігерлер италиялық туристі аман алып қалды

Бүгін 11:06

Қазақстан Орталық Азиядағы суды ең үнемді тұтынатын ел атанды

Бүгін 10:18

Қазгидромет Алматының тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:11

Ұлт руханиятының құндылықтары сөз болды

Кеше 19:46

Алматы қаласының Мәслихатына жаңа депутат сайланды

Кеше 18:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);