AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Беларусь барлаушылары Жоңғар Алатауы...

Қазақстан мен Беларусь барлаушылары Жоңғар Алатауында заңсыз қарулы топтың «көзін жойды»

Әлеумет 22.07.2024, 17:40 1,007 dulatbekova
Қазақстан мен Беларусь барлаушылары Жоңғар Алатауында заңсыз қарулы топтың «көзін жойды»
Сурет: Gov.kz

Қазақстан мен Беларусьтің біріккен барлау бөлімшелері торуыл ұйымдастыру, қажетті ақпаратты алу және құпия құжаттарды алып, топты тұрақты орналасу пунктіне эвакуациялау мақсатымен таудан асты.

Жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде «Бауырластық шыңы-2024» оқу-жаттығуына қатысушылар бөлімшелердің үйлесімділігі мен әртүрлі дәрежедегі командирлердің шешім қабылдау қабілеті бағаланды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Бағыныштылардың іс-әрекетін Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев пен штаб бастығы – Беларусь Қарулы күштері Арнайы операциялар күштері қолбасшысының бірінші орынбасары полковник Александр Ильюкевич қадағалады.

– Таулы-шөлді жерлерде екіжақты тактикалық-арнайы оқу-жаттығудың практикалық бөлігі аяқталды. Командалық құрамның деңгейі өте жоғары болды. Мұны біртұтас организм ретінде әрекет еткен екі елдің бөлімшелерінің үйлесімділігі деп бағалауға болады. Біріккен жасақтардың әскери қызметшілері дене дайындығы мен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетті, – деп қорытындылады оқу-жаттығудың жетекшісі генерал-майор Алмаз Жұмакеев.

Беларусь Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің нұсқаушылары қазақстандық десантшылармен өз тәжірибелерін бөлісті. Арнайы жасақтар жаумен тікелей қақтығыс жағдайында тактикалық медицина бойынша сабақтар өткізді.

Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы атап өткендей, біріккен контингент алдына қойылған барлық міндеттерді толық көлемде орындады. Екі ел арасында осындай оқу-жаттығуларды жыл сайын өткізу жоспарлануда. Алда қарулы күрестің жаңа тәсілдері мен құралдарының пайда болуын ескере отырып, өзгерістер енгізіліп, міндеттер күрделене түспек. Жеке құрамның білімі, дағдылары мен тәжірибесі артады.

Естеріңізге сала кетейік, «Бауырластық шыңы-2024» екі жақты тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы 15-20 шілде аралығында Жетісу облысындағы «Көктал» оқу полигонында өткізілді. Оған Қазақстан Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің және Беларусь Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің 350-ден астам әскери қызметшісі қатысты.

Оқу-жаттығулардың салтанаты жабылу рәсімінде маневрлер барысында ерекшеленген екі елдің әскери қызметшілері басшылық тарапынан грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Беларусь #оқу-жаттығу #Бауырластық шыңы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);