конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстан мен Әзірбайжан ветеринариялық сертификат...

Қазақстан мен Әзірбайжан ветеринариялық сертификаттар бойынша келісімге келді

Экономика 26.07.2024, 16:17 939 dulatbekova
Қазақстан мен Әзірбайжан ветеринариялық сертификаттар бойынша келісімге келді
Сурет: Gov.kz

Қазақстан мен Әзірбайжан Республикасы бірқатар ветеринариялық сертификаттар бойынша келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. 

Бұл екі ел арасындағы сауда қарым-қатынастарын дамытуда маңызды қадам болмақ. Бұл бастама министрліктің аграрлық секторды дамыту және Қазақстанның әлемдік аренадағы ұстанымын нығайту жөніндегі стратегиясының бір бөлігі болып саналады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйелі негізде мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі стандарттарын жақсарту, өндірушілердің жаңа халықаралық нарықтарға шығуына қолдау көрсету бойынша шаралар қабылдауда. Ведомство келіссөздерде негізгі рөл атқарды.

Енді отандық өндірушілер ірі және ұсақ малдан алған сүт пен сүт өнімдерін Әзірбайжанға экспорттай алады. Сондай-ақ құс етін, ішкі өнімдер мен жанама өнімдерді жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Түйелерді және түйе тұқымдасының басқа да түрлерін, атап айтқанда лама, альпака және викунья, асыл тұқымды ірі қара, ұсақ мал, союға арналған ірі және ұсақ мал, консервілер, шұжық және басқа да дайын ет өнімдерін экспорттау үшін ветеринариялық сертификатқа қол қою келісілді.

«Қол жеткізілген келісім қазақстандық экспортты кеңейту және екі ел арасындағы мал шаруашылығы саласындағы экономикалық серіктестікті нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл экономикалық өсім мен өркендеуге септігін тигізетініне сенімдімін», - деп Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров келісімнің маңыздылығына тоқталды.

Экспортқа шығарылатын өнім түрлерін кеңейту жұмыстары жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Әзірбайжан #ветеринариялық сертификаттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы-1 теміржол вокзалын реконструкциялауға 500-ден астам маман жұмылдырылған

Бүгін 10:09

Қазақстан парламентіне 30 жыл коллекциялық күміс монетасы ертеңнен сатыла бастайды

Бүгін 09:09

Құрылтай және жаңа Конституция: Астанада сарапшылар кездесуі өтті

Бүгін 09:02

Қазақстанның басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:45

Балқаш жағалауында құтқарушылар батпаққа батқан 15 адамды эвакуациялады

Кеше 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);