AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Әзербайжан телекоммуникациялық ынтым...

Қазақстан мен Әзербайжан телекоммуникациялық ынтымақтастықты нақты жобалар арқылы дамытуда

Әлеумет 23.08.2023, 13:48 959
Қазақстан мен Әзербайжан телекоммуникациялық ынтымақтастықты нақты жобалар арқылы дамытуда
Сурет: ашық дерекөз

2023 жылғы 21 тамызда Қазақстан мен Әзербайжанның жетекші телекоммуникациялық компаниялары Қазақтелеком мен AzerTelecom Қазақстан-Әзербайжан бағыты бойынша Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) салуға және пайдалануға жауапты бірлескен кәсіпорынды тіркеу туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Каспий теңізінің түбімен құрылыс жұмыстары жақын арада басталады.


Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел жобаны іске асыруды жеделдету жөніндегі тапсырманы Қазақстан мен Әзербайжанның Мемлекет басшылары осы жылдың сәуір айында бергенін, маусым айында ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловтың Әзербайжанға сапары барысында ТОБЖ салу жөніндегі бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылғанын хабарлады.


Кабельдік желінің ұзындығы шамамен 380 км құрайды, өткізу қабілеті секундына 400 терабитке дейін жетпек. Транскаспий кабель желісі Азия мен Еуропа арасында деректердің көп терабайттық көлемін өткізуді қамтамасыз ете отырып, маршруттарды әртараптандырмақ, елдеріміздің ақпараттық қауіпсіздігін нығайтпақ, интернеттің жылдамдығын арттырмақ және өңірдің экономикалық дамуына серпін бермек. ТОБЖ құрылысы Еуропа мен Азия арасында жаңа цифрлық телекоммуникациялық дәліз құру бойынша ауқымды Цифрлық Жібек жолы (Digital Silk Way) жобасының бөлігі болып саналады.


Жобаны іске асыру нәтижесінде Қазақстан мен Әзербайжан халықаралық трафик тасымалданатын цифрлық хабқа айналады деп күтілуде.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#жоба #Әзірбайжан #Телекоммуникация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);