Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстан мектептерінде педагогтардың жаңа қызмет...

Қазақстан мектептерінде педагогтардың жаңа қызметі енгізілді

Білім және ғылым 08.09.2021, 06:08 1,728
Қазақстан мектептерінде  педагогтардың жаңа қызметі енгізілді
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Қазақстан мектептерінде педагог-ассистент қызметі енгізілді


Мұндай мамандар ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқытуда, яғни инклюзивті білім беруде сұранысқа ие, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Олар балалардың мектепке тез үйреніп кетуіне көмектеседі. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым мнистрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған.


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірінде 700-ге жуық педагог-ассистент жұмысқа кірісті. Айта кетейік, ҚР БҒМ-мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін қолайлы жағдай жасау барысында жұмыс атқарылып жатыр.



«Бұл мұғалімді алмастыру деген сөз емес. Педагог-ассистенттердің алдында педагогика мен психология тоғысында ерекше мақсат-міндеттер қойылған. Атап айтсақ, балаларды бағыттау, олардың оқу процесіне бейімделулеріне көмектесу. Әңгіме ерекше қажеттіліктері бар балалар туралы болғандықтан, педагог-ассистент техникалық қолдау да көрсете алады. Мәселен, егер бала өз бетінше қозғала алмаса. Немесе егер балаға дефектологтың көмегі қажет болса, педагогикалық қолдау қажет. Біз бұл жұмыста белсенділік танытып жүрген үкіметтік емес ұйымдарға ризашылығымызды білдіреміз», - деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.



Бұдан басқа, педагог-ассистент ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Қажет болған жағдайда оқу бағдарламалары білім алушылардың қажеттіліктеріне бейімделеді. Олар өткен материалды игеруге ғана емес, сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар баланың дағдыларын дамыту динамикасын бақылауға көмектеседі. Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлардың сақталуын қадағалайды.



«Министрлік педагог-ассистенттерді басқа да білім беру ұйымдарына қосу, сондай-ақ олардың жұмыс жүктемесін анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр», - делінген ҚР БҒМ баспасөз қызметінің хабарламасында.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #педагог #білім жүйесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бокстан Бразилиядағы әлем кубогына шолу

Бүгін 18:48

200 қазақстандық оқушы Хьюстондағы робототехникадан әлем чемпионатына қатысады

Бүгін 18:41

Екі қазақстандық спортшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 18:35

Биіктен құлаудан – алғашқы қадамға дейін

Бүгін 18:22

Алматы ауруханасының қызметкері Айнагүл Берік самбодан Әлем кубогының жүлдегері атанды

Бүгін 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика