AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан көлік-транзит дәліздерін ТМД + форматынд...

Қазақстан көлік-транзит дәліздерін ТМД + форматында дамытпақ

Әлеумет 20.11.2024, 12:57 1,423 dulatbekova
Қазақстан көлік-транзит дәліздерін ТМД + форматында дамытпақ
Сурет: Көлік министрлігі

2024 жылғы 19 қараша күні Мәскеуде Көлік апталығы аясында Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Тілеубекұлы Ластаев өңірлік және халықаралық көлік ынтымақтастығын дамытуға бағытталған бірқатар негізгі іс-шараға қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Көлік министрлігінің мәліметінше, «ТМД плюс «Көлік ынтымақтастығы: өзара байланыс, тұрақтылық, тиімділік» пленарлық талқылау аясында ТМД мемлекеттері мен көршілес өңірлер арасындағы көлік байланыстарын нығайтудың негізгі мәселелері талқыланды. 

Талғат Ластаев сөзінде жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға, елдердің транзиттік әлеуетін дамытуға және экономикалық интеграцияны тереңдетуге ықпал ететін тұрақты және тиімді көлік жүйесін қалыптастыру маңызды екенін атап өтті.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Үйлестіру көлік кеңесінің (ҮКК) 44-ші отырысында халықаралық логистиканы дамытуға атсалысу, көлік саласын цифрландыру, жолаушылар тасымалы перспективалары, ТМД елдері арасындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Жиындағы негізгі мәселе — ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің Көлік үйлестіру кеңесінің (КҮК) өкілетін кеңейту.

Бұдан басқа, Вице-министр ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің Көлік саласындағы уәкілетті органдары басшылары кеңесінің 8-ші отырысына қатысты. Қатысушылар Одақтың көлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдерін, соның ішінде көлік дәліздерін дамытуды, инфрақұрылым жобаларды іске асыруды, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі бастамаларды талқылады.

Аталған іс-шаралар Қазақстан Республикасының интеграциялық процестерін нығайтуға және көлік саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін көрсетті. Қазақстан өңірдің орнықты экономикалық өсуіне ықпал ететін бірыңғай көлік кеңістігін құруға бағытталған Стратегиялық жобаларды іске асыруға белсенді қатысуды жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #көлік-транзит #ТМД+
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Кеше 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);