Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстан кәсіби шеберлер сайысында 6 алтын иеленд...

Қазақстан кәсіби шеберлер сайысында 6 алтын иеленді

Білім және ғылым 10.10.2025, 09:38 510
Қазақстан кәсіби шеберлер сайысында 6 алтын иеленді
Сурет: Gov.kz

I Халықаралық TurkicSkills-2025 кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасы жарыстың басты жеңімпазы атанып, түркі елдері арасында техникалық және кәсіптік маман даярлауда көшбасшы екенін дәлелдеді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Еліміздің жүлде қоржыны 6 алтын, 2 күміс медаль және 1 «Үздік медальонмен» толықты. Бұл жеңіс Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы реформалардың нәтижелі жүзеге асып жатқанын айғақтайды.

Естеріңізге сала кетейік, 4-9 қазан аралығында Ақтау қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен TurkicSkills-2025 чемпионатына Түркия, Әзербайжан, Мажарстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 70-ке жуық колледж студенттері мен жас маман қатысты. Олар инженерия, ақпараттық технологиялар, өндіріс, робототехника және қызмет көрсету салаларын қамтитын 10 құзыреттілік бойынша бақ сынады.

Жарыстың жабылу рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов бұл чемпионаттың түркітілдес мемлекеттердің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында Қазақстанның бастамасымен алғаш рет ауқымды түрде ұйымдастырылғанын атап өтті.

«TurkicSkills чемпионаты – түркітілдес мемлекеттер арасындағы техникалық және кәсіптік ұйымдар ынтымақтастығының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды шара. Бұл күндер достық пен өзара түсіністіктің, ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың жарқын үлгісіне айналды», - деп атап өтті вице-министр.

WorldSkills International кеңесінің мүшесі Рэй Инглиш Қазақстанның халықаралық деңгейдегі әлеуетін ерекше атап өтті.

«Чемпионатының ауқымы мен ұйымдастырылу сапасы – Қазақстанның әлемдік деңгейдегі кәсіби шеберлік сайыстарын өткізуге толық дайын екенін көрсетеді. Бұл тәжірибе болашақта WorldSkills немесе WorldSkills Europe сияқты халықаралық жарыстарды қабылдауға мүмкіндік береді», – деді ол.

Чемпионатты тамашалауға 5 мыңнан астам адам келді, колледждер мен кәсіпорындар арасында 100-ге жуық ынтымақтастық меморандумы жасалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәсіби шеберлер #TurkicSkills-2025 #чемпионат #алтын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі