конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстан-Канада: кім жеңеді?

Қазақстан-Канада: кім жеңеді?

Спорт 17.05.2023, 03:30 1,921 Almaty-akshamy
Қазақстан-Канада: кім жеңеді?
Сурет: Ашық дереккөз

Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы бүгін Канадамен кездеседі


Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін, 17 мамырда, Қазақстан құрамасы Канадамен кездеседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Аталған ойын елорда уақытымен 23:20-да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.


В тобында сынға түсіп жатқан қазақстандық хоккейшілер бұған дейін буллиттен Норвегияны 4:3 есебімен жеңді.


Одан кейін Чехиядан 1:5, Швейцариядан 0:5 есебімен жеңіліп қалды.


Ал Канада биыл Латвияны 6:0, Словенияны 5:2 есебімен тізе бүктірсе, Словакиядан буллиттен 2:1 есебімен басым түсті.


Екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездесті. Барлық ойында Канада құрамасының мерейі үстем болды.


Әлемде Канада елі шайбалы хоккейдің отаны саналады. Қазірге дейін қылқан жапырақты елдің өкілдері 27 мәрте жеңіс тұғырына көтерілген.


Дүбірлі додада 2021 жылы чемпион атанса, 2022 жылы күміс медаль иегері болды.


Аталған құрама хоккейшілерінің бірқатары өз елінің біріншілігіндегі клубтарда ойын көрсетеді. Сондай-ақ, АҚШ, Германия, Ресей, Финляндия, Швейцария, Швеция клубтарында ойнайтын хоккейшілер бар.


Сондай-ақ, бүгін В тобында Латвия - Норвегия шеберлік байқасады.


Ал А тобында АҚШ - Австрия, Финляндия - Франция ойнайды.


Айта кетсек, әлем чемпионаты 12 мамырдан Латвияның Рига және Финляндияның Тампере қалаларында басталды.


Топтық кезең 12 және 23 мамыр аралығына белгіленген. Финал 28 мамырда болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Хоккей #Канада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Бүгін 19:55

Әлеуметтік мемлекет: Қазақстан азаматтарына көрсетілетін қолдаудың ауқымы қандай?

Бүгін 19:45

Алматыда «ALMATY CIRCUS FESTIVAL» халықаралық фестивалі аясында әлемдік цирк өнерінің жұлдыздары өнер көрсетеді

Бүгін 18:06

Ұлы Жібек жолының ізімен: The Marco Polo Project халықаралық экспедициясы Алматыға келді

Бүгін 18:01

Жыл басынан бері Алматыдағы комьюнити орталықтарына 344 мыңнан астам жас барды

Бүгін 15:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);