AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / 20 жылда ОАӨЭЫ елдерінен Қазақстанға $30 млрд-тан...

20 жылда ОАӨЭЫ елдерінен Қазақстанға $30 млрд-тан астам инвестиция тартылды

Экономика Бүгін 14:30 49
20 жылда ОАӨЭЫ елдерінен Қазақстанға $30 млрд-тан астам инвестиция тартылды
Сурет: primeminister.kz

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы (ОАӨЭЫ) елдерімен тауар айналымы $8,8 млрд-қа жетіп, 14,4%-ға өсті. Ал 2005 жылдан бері ел экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі $30 млрд-тан асты. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Алматыда Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екінші Тянь-Шань форумының ашылуында мәлімдеді.

Вице-премьер Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы (ОАӨЭЫ) бағдарламасы аясындағы негізгі бағыттардың қатарында өзара сауданы кеңейту, көлік-логистика байланысын дамыту және сапалы инвестициялар тарту мәселелерін атады.

«Біздің ортақ міндетіміз – сауда көлемін ұлғайтып қана қоймай, кедергілерді біртіндеп жою, сауда рәсімдерін жеңілдету, электрондық сауданы дамыту және кәсіпкерлердің көршілес мемлекеттер нарығына шығу мүмкіндігін кеңейту», — деді Серік Жұманғарин.

Тағы бір маңызды бағыт – көлік инфрақұрылымын дамыту. Қазақстан көлік дәліздерінің өткізу қабілетін арттырып, теміржол және автомобиль жолдары инфрақұрылымын жаңғыртып, мультимодальды тасымалды дамытып келеді. Трансшекаралық тасымалды жеделдету үшін көлік жүйелерінің өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету, шекарадағы рәсімдерді цифрландыру және жүктерді өткізу уақытын қысқарту қажет.

Қазақстанның ОАӨЭЫ елдеріне салған инвестиция көлемі $4 млрд-тан асты. Ал Қазақстанда өңір елдерінен келген 28 мыңнан астам кәсіпорын және 2,5 мыңнан астам бірлескен компания тіркелген.

Вице-премьердің айтуынша, инвестиция көлемін арттырумен қатар, оларды жаңа өндіріс орындарын ашуға, заманауи технологияларды енгізуге, еңбек өнімділігін арттыруға және қосылған құны жоғары өнім шығаруға бағыттау маңызды. Қазақстан көлік және логистика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және цифрлық инфрақұрылым салаларында халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі.

Өңірлік күн тәртібіндегі өзге де маңызды мәселелер қатарында сауда мен логистиканы цифрландыру, климаттың өзгеруі және су ресурстарын ұтымды пайдалану бар.

Екінші Тянь-Шань форумы 2–3 қарашада Алматыда «Орталық Азиядағы орнықты өзара байланыс пен сапалы инвестицияларды нығайту» тақырыбында өтуде. Форумды Қазақстанның Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы Институты мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Азия даму банкінің стратегиялық серіктестігімен ұйымдастырып отыр.

Форумға ОАӨЭЫ елдерінің үкіметтері, халықаралық қаржы институттары, даму ұйымдары, бизнес және сарапшылар қауымдастығы өкілдерін қоса алғанда, 400-ге жуық қатысушы жиналды.

Анықтама: Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі алғашқы Тянь-Шань форумы 2025 жылғы 2–3 желтоқсанда Үрімші қаласында (ҚХР) өтті. Форумды ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Халық үкіметі мен Азия даму банкінің қолдауымен ОАӨЭЫ институты ұйымдастырды. Оған ОАӨЭЫ елдерінен, халықаралық ұйымдардан, қаржы институттары мен жеке сектордан 300-ден астам қатысушы қатысты.

ОАӨЭЫ – 10 елді: Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Грузия, Моңғолия және Пәкістанды біріктіретін Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы. Бағдарлама көлік, сауда, энергетика және басқа да салалардағы өңірлік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #инвестиция #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өнеркәсіп өндірісі 22,2 пайызға өсті

Бүгін 15:08

Олжас Бектенов жол саласын реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 14:58

Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты

Бүгін 14:45

Алматыда тұрғындар, студенттер мен IT мамандары президенттің жолдауын талқылады

Бүгін 14:38

2026 жылдың тоғыз айында Алматыда өнеркәсіп өндірісі 22,2%-ға өсті

Бүгін 14:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);