AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Мемлекет басшысы жаңа сортты прокат цехының құрылы...

Мемлекет басшысы жаңа сортты прокат цехының құрылысымен танысты

Экономика Бүгін 14:30 52
Мемлекет басшысы жаңа сортты прокат цехының құрылысымен танысты
Сурет: akorda.kz

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртау қаласына жұмыс сапары барысында Qarmet компаниясының сортты прокат кешені құрылысының барысымен танысты. Жаңа әрі заманауи өндіріс кешені жылына 540 мың тоннадан астам дайын өнім шығарады. Жобаның технологиялық серіктесі – қытайлық CERI инжиниринг компаниясы.

Мемлекет басшысына баяндалғандай, жаңа цех беріктігі жоғары, А600 және А1000 санатты болат арматура шығаруға, сондай-ақ бұрыштар, швеллерлер және басқа да сұранысқа ие металл өнімдерінің түрлерін көбейтуге мүмкіндік береді. Кешен құрамына сағатына 100 тоннаға дейін металл өткізе алатын, өнімділігі жоғары қыздыру пеші кіреді.

Жобаны іске қосу нәтижесінде Qarmet сортты прокатты шығару көлемін ұлғайтады. Ал бұл ішкі нарықтың импортқа тәуелділігін азайтып, кәсіпорынның құрылыс сегментіндегі, соның ішінде АЭС құрылысындағы мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Қазіргі уақытта нысанда негізгі технологиялық жабдықтарды монтаждау және қажетті инфрақұрылымды салу жұмыстары жүргізілуде. Сортты прокат цехын биыл жыл соңында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Qarmet компаниясының инвестициялық бағдарламасы 3,5 миллиард долларды құрайды. Металлургия комбинатында 4 жаңа жоба, атап айтқанда №8-9 кокс батареясы, сортты прокат кешені, мырыштау және полимерлі жабын желісі, құю-илемдеу  кешенінің құрылысы іске асырылып жатыр. Компанияның стратегиялық мақсаты – 2028 жылға қарай  жылына 5 миллион тонна болат, 9 миллион тонна көмір және 5 миллион тонна темір рудалы концентрат өндіретін деңгейге жету. Бұдан бөлек өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, экологиялық көрсеткіштерді арттыру және отандық металл өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту міндеті тұр.

 

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #құрылыс #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өнеркәсіп өндірісі 22,2 пайызға өсті

Бүгін 15:08

Олжас Бектенов жол саласын реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 14:58

Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты

Бүгін 14:45

Алматыда тұрғындар, студенттер мен IT мамандары президенттің жолдауын талқылады

Бүгін 14:38

2026 жылдың тоғыз айында Алматыда өнеркәсіп өндірісі 22,2%-ға өсті

Бүгін 14:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);