AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстан «Жыл мемлекеті» атанды

Қазақстан «Жыл мемлекеті» атанды

Өмір-өзен 04.10.2022, 04:04 1,800
Қазақстан «Жыл мемлекеті» атанды
Сурет: Elorda.info

Алматыда Red Jolbors XI Орталық Азия коммуникациялар фестивалі өтті.


Онда Қазақстан «Жыл мемлекеті» ретінде танылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Elorda.info-ға сілтеме жасап.


Фестивальге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжаннан 450-ден астам адам қатысты. Red Jolbors аясында білім беру бағдарламасы ұйымдастырылып, үздік коммуникациялық және жарнама шешімдері байқауы өтті.


Байқауға Орталық Азия мен Әзірбайжаннан 360-тан астам жұмыс ұсынылды. Іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан «Жыл мемлекеті» атанды. Бұл атақ халықаралық қазылар алқасының дауыс беру нәтижелері бойынша ең көп ұпай жинаған елге беріледі. Әзірбайжанның Endorphin компаниясы «Жылдың ең үздік агенттігі» деп танылды. Қазақстан атынан қатысқандарға 50, Өзбекстанға 24, Әзірбайжанға 13 марапат табысталды.



Red Jolbors-та біз әрқашан саланың ең қызықты және өзектіімәселелерін көтереміз. Жарнамалық агенттіктердің өкілдері және аймағымыздың маркетологтеріне тәжірибемізді айту үшін үздік сарапшыларды жинауға тырысамыз. Биылғы конкурстың спикерлері мен қазылар алқасы жарнама және маркетинг саласындағы ең беделді марапаттардың иегерлері болды. Бүкіл құрамға 100-ге жуық Канн фестивалінің жүлдегерлері, сондай-ақ, маркетинг саласындағы әлемдегі ең маңызды марапаттардың бірі – «Эффиліктер» кірді, - деді Red Jolbors негізін қалаушы Сабина Рейнгольд.



Дәрістердің, сондай-ақ, панельдік пікірталастардың спикерлері ірі жарнама агенттіктерінің, Еуропа, Оңтүстік Корея, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей компанияларының өкілдері болды. Олар өздерінің практикалық тәжірибелерін әңгімелеп берді және шығармашылық идеяларды әзірлеу, маркетинг құралдарының тиімділігі, брендтердің өсу мүмкіндіктері, серіктестік құру, цифрлық дизайннан кейінгі дизайн, маркетингтегі метаверстер, TikTok-қа миллиондаған аудиторияны тарту туралы айтты. Сондай-ақ Red Jolbors-тың 2022 жылғы негізгі тақырыптарының бірі - өмір сүріп жатқан ортаны жақсы жаққа өзгертетін ESG жобаларын құру және дамыту болды.


Сонымен қатар іс-шарада 3 түрлі панельдік пікірталас ұйымдастырылды. Олардың бірі Орталық Азия елдерінде креативті экономиканы дамытуға арналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жыл мемлекеті #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Бүгін 20:28

Демеу Жадраев 77 келіге дейінгі салмақта Қазақстан Кубогының чемпионы атанды. Финалда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері - Қаһарман Қисметовтан басым түсті

Бүгін 19:01

Елордалық жасөспірім шахматтан Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 19:00

Мейрамбек Айнағұлов Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды

Бүгін 18:54

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

Бүгін 18:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);