Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы сай...

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы сайланды

Өмір-өзен 12.05.2023, 07:53 2,535
Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы сайланды
almaty-akshamy.kz

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мереке Құлкенов Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Айта кетейік, қаламгер-журналист Мереке Әбдешұлы Құлкенов 1951 жылы 8 қарашада Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Алматы қалалық мәслихатының депутаты. Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты.


С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірген (1978). Бірнеше кітаптың авторы. Солардың бірі — Рахымжан Отарбаевпен бірлесіп жазған «Бас» драмасы үшін Мәдениет министрлігі жариялаған «Бәйтерек» республикалық байкауында екінші жүлдеге ие болды (2004 ж.).


1970 жылы әскери борышын өтеп келгеннен кейін 1971-1973 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің газет-журнал баспасы баспаханасында баспагердің көмекшісі болды. Университетті бітірген соң бұқаралық ақпарат құралдарында «Қазақстан пионері» газеті, Қазақстан телеарнасы, «Пионер» журналы, «Қазақ әдебиеті» газетінің тілшісі,


1993-1997 жылдар аралығында «Жалын» республикалық қоғамдық-әдеби журналының бас редакторы,


1997 жылдан бері «Ана тілі» республикалық газетінің, 2000 жылдан осы уақытқа дейін «Таң-Шолпан» әдеби-көркем, көпшілік журналының бас редакторы,


1991 жылдан қазіргі күнге дейін «Өлке» баспасының бас директоры болып еңбек етіп келеді.


«Құрмет» орденімен, ұлттық журналистік сыйлық «Алтын жұлдыз» т.б. бірнеше медальдармен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жазушылар #төраға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика