AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстан Халықаралық әскери медицина комитетіне б...

Қазақстан Халықаралық әскери медицина комитетіне бақылаушы болды

Әлем 09.09.2022, 11:12 1,399
Қазақстан Халықаралық әскери медицина комитетіне бақылаушы болды
Сурет:Dknews.kz

Еліміздің кандидатурасын осы үкіметаралық ұйымға мүше 119 мемлекеттің барлығы қолдады.


ҚР СІМ ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасы ресми түрде Халықаралық әскери медицина комитетіне (ХӘМК) бақылаушы ретінде қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


2022 жылы ҚР Бельгиядағы Елшілігінің бастамасымен ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесе мемлекетіміздің тиісті өтінішін енгізуді пысықтады. Ағымдағы жылдың 5-9 қыркүйегі аралығында ұйымның Брюссельде өткен кезекті әлемдік конгресі барысында мүше мемлекеттер оны оң бағалаған.


Қазақстан делегациясына арнаған сөзінде ХӘМК 44-ші әлемдік конгресінің төрағасы Дэвид Смит Қазақстанның әскери-медициналық қызметі әскери медицина саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа мазмұнды үлес қоса алатынына сенімді екенін жеткізді.


Өз кезегінде, кездесуге қатысушылар алдында сөз сөйлеген Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан ХӘМК-ке бақылаушы мәртебесін алу қазақстандық мамандарға ұйымның мүше мемлекеттердің әскери-медициналық қызметтерінің кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған барлық іс-шараларына қатысуға мүмкіндік беретінін және осы маңызды салада тәжірибе алмасу үшін пайдалы алаңды қамтамасыз ететінін баса айтты.


Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметшілердің денсаулығын қорғау және медициналық жәрдемге құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ететін медициналық қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесі қалыптасқан және сенімді жұмыс істеуде. Бүгінде Қазақстанның әскери медицина жүйесі 20 әскери-медициналық мекемені және 130-дан астам медициналық бөлімшені қамтиды.


Айта кетсек, ХӘМК әлемдегі қарулы күштердің медициналық қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында 1921 жылы құрылған. Комитет жарғысы мен тарихи дәстүріне сәйкес Бас хатшысының кеңсесі Бельгияда орналасады.


Бұл халықаралық ұйым БҰҰ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен тығыз ынтымақтастықта.



Оның негізгі міндеттері – барлық мемлекеттердің әскери медициналық қызметтері арасындағы кәсіби ынтымақтастық байланыстарын нығайту; ғылыми зерттеулерді ілгерілету; әскери медицина үшін маңызды мәселелер бойынша оқыту, атап айтқанда қарулы күштердің медициналық қызметінің жас офицерлерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру .


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #хәмк #Бақылаушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

96 алматылық бір күнде АИТВ-ға жедел тест тапсырды

Бүгін 14:03

Тау кластеріне қатысты бірнеше экологиялық миф жоққа шығарылды

Бүгін 12:27

Алматы тау кластері кәсіпкерлікке жаңа серпін береді

Бүгін 12:26

Алматыда өткен қоғамдық тыңдауда жастар плакаттармен Almaty Superski жобасын қолдады

Бүгін 12:19

Алматы орталығында дүкенге заңсыз салынған қосымша құрылыс сүрілді

Бүгін 11:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);