AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан Халық Кеңесін құрудың басты мақсаты анық...

Қазақстан Халық Кеңесін құрудың басты мақсаты анықталды

Саясат 24.09.2026, 12:45 282
Қазақстан Халық Кеңесін құрудың басты мақсаты анықталды
Акорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесін құру идеясына тоқталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының пікірлері

Мемлекет басшысының айтуынша, елдегі өзекті мәселелерді ашық талқылап, қоғамның ұсыныс-пікірлерін сараптайтын арнайы институт құру бұрыннан жоспарланған.

«Мен елдегі түйткілдерді ашық талқылайтын, жұрттың ұсыныс-пікірлерін сараптап, нақты шешімдер ұсынатын арнайы институт құруды көптен бері жоспарлап жүрдім.

Оның құрылымы, атқаратын жұмысы жөнінде ұзақ ойландым. Кеңестің атауын Конституциялық реформа жөніндегі комиссияға өзім ұсындым.

«Қазақстан Халық Кеңесі» деген атау жаңа институттың жалпыұлттық сипатын көрсетеді. Конституцияға сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі бұл – халық.

Сондықтан жұртшылықтың мүддесін қорғайтын бірегей органның атауында «Халық» сөзінің тұруы – өте қисынды, орынды, себебі, бұл – заңдылық», – деді Мемлекет басшысы.

Алдыңғы консультативтік-кеңесші органдар

Президент бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі және Ұлттық Құрылтай секілді консультативтік-кеңесші органдар елдік мәселелерді шешуге үлес қосқанын айтты. Мемлекет басшысының сөзінше, Ұлттық құрылтай аясында көтерілген бастамалардың нәтижесінде 26 заң қабылданып, тағы 10 заң жобасы Құрылтайда қаралады.

Қоғамдық диалогты дамыту

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық диалогті одан әрі дамыту қажеттігіне де назар аударды. Президент Қазақстан Халық Кеңесін құрудағы негізгі мақсат қоғамның түрлі топтарын ортақ мүддеге жұмылдыру екенін атап өтті.

«Біз ұлттық сана-сезімге серпіліс беріп, жұртымызды ортақ мүддеге жұмылдыру үшін қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет. Қазақстан Халық Кеңесін құрудағы басты мақсатымыз да – осы.

Ел тарихында алғаш рет қоғам мүддесі жолында еңбек етіп жүрген түрлі топтағы адамдар бір құрылым аясында бірікті.

Мұны «Түрлі көзқарас – біртұтас ұлт» тұжырымдамасының іс жүзіндегі нақты көрінісі деп айтуға болады.

Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы жалпыұлттық бірлігіміздің анағұрлым нығайып, институционалдық сипатқа ие болғанын көрсетті», – деді Президент.

Қазақстан Халық Кеңесінің қоғамдық диалогты күшейтуге бағытталған жұмысы Алматы үшін де маңызды. Халқы көп, әлеуметтік және мәдени құрамы сан алуан мегаполисте тұрғындардың ұсыныс-пікірін ашық талқылау, қоғамдық бастамаларды ортақ алаңда саралау ерекше мәнге ие. Осы тұрғыдан алғанда, алматылықтардың қала дамуы, әлеуметтік мәселелер, мәдениет, жастар саясаты және қоғамдық келісімге қатысты үнін ұлттық деңгейдегі диалогқа жеткізуге мүмкіндік арта түседі.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Тоқаев #сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке Жеңіс күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 21:00

2030 жылға дейін тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасы қабылданды

Бүгін 16:23

Зарап Темірбеков мұрасы – ұрпақ жадында

Бүгін 16:07

Эпидемиялық маусымдағы сақтық шаралары

Бүгін 15:20

«Жыр аққуы – Марфуға»: ақын Марфуға Айтқожаның 90 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді

Бүгін 14:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);