Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады Сурет: Halyq-uni.kz

2023 жылғы 1 маусымдағы дерекке сәйкес, еліміздегі халық саны 19 млн 879 мың адам болды.


Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жалпы халықтың 61,9 пайызы немесе 1 2 297 100 адам - қалада, ал 38,14 пайызы немесе 7 581900 адам - ауылда тұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


2023 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанға келгендер саны 2022 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 91,8 пайызға артып, кеткендер саны 45 пайызға азайды.


Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде.


ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі - 89,5 және тиісінше 72,1 пайызды құрады.


Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2,6 пайызға азайды.


Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Алматы (12 145 адам), Астана (11 424 адам) және Шымкент (571 адам) қалаларында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

22:55

20:04

20:03

18:23

17:54

17:52

17:12

16:52

16:50

16:46

16:37

16:12

15:50

15:44

15:41

15:32

15:01

14:55

14:00

13:44

13:35

13:27

13:23

13:16

12:09