ffin.kz

«Қазақстан халқына» қорының шапағатын көріп жүргендер аз емес

«Қазақстан халқына» қорының шапағатын көріп жүргендер аз емес Сурет: 24.kz

Қазақстандық екі жасөспірімге «Қазақстан халқына» қоры көмегімен заманауи протез сатып алынды.


Адамның жүйке жүйелері арқылы басқарылатын инновациялық жасанды қолдарды Талғар ауданы, Белбұлақ ауылындағы жеке клиниканың мамандары жасаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


38 млн теңге тұратын протездер қор қаражатынан өтелді. Атырау облысынан келген Ақмөлдір Тілеуқұлованың туғаннан бері сол қолы шынтағынан жоқ. Мұны кемістік емес, ерекшелік деп қабылдаған ол: «Тағдырға мойыған кезім жоқ», – дейді. Бала кезінен спортты серік еткен қайсар қыз қазір Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім алып жүр. Үстел теннисіне қатысады. Жаңа протезге де тез бейімделіп алыпты.



«Осыны естіген кезде, қуанып кеттім. Бұрынғы протезді жәй ғана бар сияқты сезінгенмен, қазіргі протез ашылып-жабылып, әр затыңды ұстай бересің. Есікті де ашып үйрендім», - дейді емделуші Ақмөлдір Тілеуқұлова.



Бионикалық протез жүйке жүйелері арқылы басқарылады. Яғни жасанды қол бұлшық еттердің  жиырылуына жауап беретін сенсорлармен жабдықталған. Науқасқа кигізер кезде арнайы бағдарлама арқылы іске қосылады.



«Бұл протездер адамның мұқтаждықтарына қолайлы етіп жасалған. Пациент  күнделікті өмірде  ешқандай қиындықсыз қимылдай алады. Соңғы технологиямен жасалған протездерді 20 күнде дайындап, қолдануға береміз. Мұндай протездер тек Қазақстанда ғана тегін берілуде. Басқа елдерде мемлекет тарапынан стандартты протездер ғана жасалады», - дейді техник-протезші Исак Шаабан. 



Қордың шапағатын көрген Ақмөлдір ғана емес. «Қазақстан халқына» қоры арқылы бұған дейін 41 науқас заманауи протезге ие болған. Келер жылы мамыр айына дейін тағы 150 мүмкіндігі шектеулі адамға бионикалық протез қою жоспарда бар.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32