Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / "Қазақстан халқына" қоры өкілдері қаржыландырудың...

"Қазақстан халқына" қоры өкілдері қаржыландырудың басым бағыттары туралы айтып берді

Қаржы 19.08.2022, 11:06 1,350
"Қазақстан халқына" қоры өкілдері қаржыландырудың басым бағыттары туралы айтып берді
Сурет: 24.kz

"Қазақстан халқына" қорындағы қаражат барлық өзекті мәселелерді шешуге жетпейді. Сондықтан бірінші кезектегі түйінді міндеттерді нақтылауымыз керек. Олардың қатарында атаулы білім гранттары да бар.


Бұл туралы «дөңгелек үстел» басында өткен алқалы жиында "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



"Аtamekenim.kz сандық платформасына жұмыс істеп жатқан студенттерден, олардың ата-аналарынан 1500-ге жуық өтінім келіп түсті. Онда олар оқу ақысын төлеуге көмектесуді сұрайды. Мысалы, көру қабілеті және терминалды сатыдағы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бойынша І топтағы мүгедектігі бар студенттен өтінім келіп түсті. Гемодиализ арқылы өмір сүріп жатқан қыз. Ол қорға ЖОО-да оқу ақысының қалғанын төлеу туралы өтінішпен қаржылық көмек сұрады. Дәл осындай өтінімдер "Қазақстан халқына" ҚҚ білім гранты бағдарламасын іске қосуға негіз болды", – деді Болат Жәмішев.



Оның айтуынша, бакалавриат бағдарламасы бойынша студенттер мен талапкерлерге барлығы 2350 грант бөлінеді.


Қордың Басқарма төрағасы бастапқыда 360 грант бөлу жоспарланғанын, бірақ өтініштердің көп болуына байланысты бұл сан ұлғайғанын атап өтті. Қор есебінен оқитын студенттерге 40 мың теңге көлемінде шәкіртақы белгіленген. Талапкерлер үшін білім беру гранттары мен стипендияларының саны әрбір ЖОО-ға 10 грантқа дейін ұлғайтылды. Ұлттық жоғары оқу орындарына 20-ға дейін грант беріледі. Бағдарламаға 79 ЖОО қатысады, оның 27-сі Алматыда орналасқан.


Болат Жәмішевтің айтуынша, шешілмеген және шешімін күткен мәселелер аз емес. Бірақ қорда өтініштерге үлкен көңіл бөлінеді.


Кездесуге 100 қала тұрғыны қатысты. Біреулерді жеке сипаттағы мәселелер толғандырса, екіншілерді қалалық ауқымдағы тақырыптар толғандыратыны белгілі болды.


«Дөңгелек үстел» басындағы әңгіме екі сағатқа созылды. Кездесу сындарлы өтті.


Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 11 қаңтарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу үшін "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қор құруды тапсырған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан халқына #қор #қаражат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҒЫЛЫМИ ОНКҮНДІК ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТТЫ

Бүгін 19:20

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 18:29

Алматыда Ғылым күні қарсаңында ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды

Бүгін 18:17

Отты жырдың оғланы: Ақын Олжас Сүлейменов 90 жаста

Бүгін 18:13

«Цифрлық иммунитетті қалай қалыптастыруға болады?»

Бүгін 18:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика