AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Қазақстан халқына» қоры науқастарға тоғыз миллиар...

«Қазақстан халқына» қоры науқастарға тоғыз миллиард теңге бөлді

Әлеумет 28.02.2022, 15:25 1,356
«Қазақстан халқына» қоры науқастарға тоғыз миллиард теңге бөлді
Сурет: Еgemen.kz

Бірінші кезеңде сирек кездесетін ауруларға көмек көрсету басталды.


«Қазақстан халқына» қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева қордың көмек көрсетуге қанша қаржы бөлгенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Бірінші кезеңде сирек кездесетін ауруларға көмек көрсетуден бастадық. Ондай науқастар бұрын Қазақстанда ақша жинап, шетелде ем алатын. Енді соны Қазақстанда емдеу мәселесін жолға қойып жатырмыз. Клиника табу керек, дәрігерлер оған дайын болуы керек, оның хаттамасына сәйкес келуі керек. Жалпы, 24 бала және 2 ересек адамға 9 миллиард теңге көлемінде көмек көрсетіледі деген шешім қабылданды. Келісімшарт жасалып жатыр», - деді төраға орынбасары.



Айтуынша, логистика жағынан «Фармация» СК көмек көрсетеді. Медициналық препараттар тікелей зауыттан келуі үшін келісім жасалып жатыр. Одан бөлек қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болған азаматтардың отбасына да көмек көрсетіледі. Алайда оқиғаларға қатысты тексеру толық аяқталған соң нақты қанша адамға көмек көрсетілетіні хабарланады.


Бұған дейін «Қазақстан халқын» қоғамдық қоры жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан күш құрылымдары қызметкерлері мен бейбіт тұрғындардың отбасыларына 7 миллион теңгеден аударатынын хабарлады.


Ал ауыр жарақат алған әскери қызметшілерге, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне, сондай-ақ жараланған балалардың отбасына 3 миллион теңгеден бөлінеді.


Сондай-ақ қор тәртіпсіздіктер кезінде кездейсоқ қайтыс болған адамдардың туыстарына көмек көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қор #көмек #қаржы #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне жеделхат жолдады

Бүгін 17:00

Атом саласына маман даярлау: Қазақстан жастарға қандай мүмкіндік ұсынып отыр?

Бүгін 16:25

Алматы орталығындағы Төле би және Қазыбек би көшелерінің кей бөліктері уақытша жабылады

Бүгін 16:10

Қазақстан АЭХА Бас конференциясының 70-ші сессиясында ұлттық мәлімдеме ұсынды

Бүгін 15:57

Қала күніне орай Алматыда 2 500 бос жұмыс орны ұсынылған жәрмеңке өтті

Бүгін 15:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);