AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 12 млрд теңгед...

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 12 млрд теңгеден астам қаражат түсті

Қаржы 17.01.2022, 09:15 1,236
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 12 млрд теңгеден астам қаражат  түсті
Сурет: News.myseldon.com

Қор әлеуеті ұлғайып келеді


«Қазақстан халқына» қоры қазақстандықтарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт салаларындағы нақты мәселелерді шешу жөніндегі бастамасын қолдаған барлық қазақстандықтарға, ірі кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына алғыс білдіреді. 17 қаңтар күні таңертең Қоғамдық қорға 6 519 қазақстандықтан 10.1 млн теңге түсті. 


«Қазақстан халқына» Қоры арқылы қайырымдылыққа «Kaspibank» АҚ және оның құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе – 10 млрд. теңге, «Халық» қайырымдылық қоры» ЖҚ - 2 млрд теңге, «Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС - 350 млн теңге және басқа да заңды тұлғалар елеулі үлес қосты. Жалпы, заңды тұлғалардан 12.36 млрд теңге түсті.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ә. Смайыловқа және ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, ҚР Президенті Әкімшілігінің және басқа да мемлекеттік және жеке ұйымдардың қызметкерлеріне бір күндік жалақыны аудару арқылы Қорға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз. Қор басшылығы алынған барлық қаржы қаражатының толық ашықтығы мен есептілігі қамтамасыз етілетінін мәлімдейді.


Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім беру, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталатын болады. 


Қор орфандық және басқа да аурулары бар, халықтың әлеуметтік осал топтарына мұқтаж балаларға, қаза тапқан әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді.


Бизнес-қоғамдастық өкілдері, меценаттар және жанашыр азаматтар «Қазақстан халқына» қорының шотына келесі деректемелердің бірі бойынша қаражат аудара алады:


- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, «Қазақстан халық банкі» АҚ;


- «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, «Kaspi Bank» АҚ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қоғам #қор #теңге
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Бүгін 14:43

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);