AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан халқы тілдері күнін атап өтті

Қазақстан халқы тілдері күнін атап өтті

Әлеумет 05.09.2024, 19:07 1,635
Қазақстан халқы тілдері күнін атап өтті
Сурет: Самат Құсайынов

Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан халқы тілдері күні мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өткізді.

Орталық демалыс саябағында өткен мерекеге ақындар мен жазушылар, өнер қайраткерлері, еңбек ардагерлері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, студенттер мен оқушылар қатысты.

- Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі 2018 жылдан бері ұлтымыздың ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай тойланады. Алматыда А.Байтұрсынұлы ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Орталық демалыс саябағында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Кеште эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, көрермендерге сұрақ-жауап түрінде ойындар өткізілді. “Жаңа ғасыр” театры қойылым қойды, - деді Алматы қаласы әкімінің аппараты Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Бақыт Қалымбет.

Сондай-ақ мерекелік кеш аясында Алматы қаласында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға атсалысып жүрген мемлекеттік қызметкерлер мен қоғам белсенділері Ғылым және жоғары білім министрінің алғыс хатымен марапатталды.

- Біз екі жарым жылдан бері қазақ тілін үйретіп, қазақ тілді ортаны қалыптастырып келеміз. 4 айлық курстарымыз бар, аптасына 3 рет сабақ өтеді. Бүгінге дейін 100-ден астам адам келді. Бұл курстарға кез келген адам тегін қатыса алады, - деді “Батыл бол” клубының негізін қалаушы Алексей Сколозубов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тілдер күні #мереке #мерекелік іс-шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады

Бүгін 16:11

Қала күнінің басты іс-шаралары: 19-20 қыркүйекте Алматыда қайда баруға болады

Бүгін 15:43

Қала күніне орай халықаралық D Billions балалар шоуы Алматыда алғаш рет өнер көрсетеді

Бүгін 14:59

Қазақстанда ЖИ-ді дамыту жағдайында кадр даярлау жүйесінің жаңа моделі қалыптасуда

Бүгін 14:45

Қазақстан World Cleanup Day акциясына қосылады

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);