AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Серік Жұманғарин Пәкістанның инвестициялар министр...

Серік Жұманғарин Пәкістанның инвестициялар министрімен және халықаралық қаржы институттары басшыларымен кездесулер өткізді

Экономика Бүгін 18:45 41
Серік Жұманғарин Пәкістанның инвестициялар министрімен және халықаралық қаржы институттары басшыларымен кездесулер өткізді
Сурет: primeminister.kz

Алматыда Орталық Азиядағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екінші Тянь-Шань форумы аясында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Пәкістанның Федералдық инвестициялар жөніндегі министрі Кайсер Ахмед Шейхпен кездесті.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, инвестиция тарту және екі ел арасындағы көлік байланысын дамытуды талқылады.

Негізгі мәселенің бірі – сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бесжылдық Жол картасын пысықтап аяқтау және құжатта жоспарланған іс-шаралардың жүзеге асырылуын үйлестіру үшін жоғары деңгейдегі Жұмыс тобын құру. Бұл топқа Қазақстан тарапынан Серік Жұманғарин, ал Пәкістан тарапынан министр Ахсан Икбал жетекшілік етеді. Қазақстан жақын арада топты жасақтап, оның алғашқы отырысын өткізуді жоспарлап отыр.

Қазақстан вице-премьері атап өткендей, екі ел арасындағы өзара сауданы ұлғайту әлеуеті 218 тауар позициясы бойынша шамамен $645 млн-ға бағаланады. Металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, тамақ саласы мен мұнай-химия өндірісінде жеткізілімді арттырудың ең үлкен мүмкіндігі бар. Кездесуде көлік-логистикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азияны байланыстыратын, оның ішінде Пәкістанның теңіз порттарына шығатын бағыттарды дамытуға мүдделі.

Осыған байланысты тараптар CASA теміржол жобасының болашағын талқылады. Осы жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан, Өзбекстан мен БАӘ Қазақстан, Өзбекстан, Ауғанстан және Пәкістан арқылы өтіп, Пәкістанның теңіз порттарына шығатын жаңа теміржол бағытын құру мақсатында ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойған болатын. Сондай-ақ Серік Жұманғарин Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтірудің маңыздылығын атап өтті. Бұл іскерлік, туристік және гуманитарлық байланыстың дамуына септігін тигізеді.

Дәл осы күні Серік Жұманғарин Азия даму банкі (АДБ) және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) басшылығымен кездесулер өткізді. Онда тараптар Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды одан әрі ынтымақтастықпен дамыту және қаржыландыру перспективасын қарастырды. АИИБ Президенті Цзоу Цзяимен кездесуде негізгі назар Қазақстан Үкіметі мен Банк арасындағы Әріптестік туралы негіздемелік келісімді іс жүзінде жүзеге асыруға аударылды. Бұл келісім қаржыландыруды тарту мүмкіндігін кеңейтіп, оның ішінде нақты жобаларға АИИБ-тен дербес қарыз алуға жағдай жасайды. Жобаларды қаржыландыру құралының желісін арттырып, оларды жүзеге асыру тетігін жеңілдетеді.

АИИБ-пен 10 жылдық ынтымақтастық барысында Қазақстанда $1,6 млрд сомасындағы 5 жоба жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта энергетика, денсаулық сақтау, инфрақұрылымды жаңғырту және басқа да салаларда құны шамамен $2,2 млрд болатын 8 жоба жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ кездесуге қатысушылар Қазақстанда АИИБ-тің Орталық Азия және ТМД елдері бойынша аймақтық өкілдігін ашу мүмкіндігін талқылады. Қазақстан тарапы бұл бастаманы жүзеге асыруға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. АДБ-ның Оңтүстік, Орталық және Батыс Азия бойынша вице-президенті Инмин Янгпен кездесуде Банкпен 32 жылдық ынтымақтастық кезеңінде Қазақстанда, техникалық көмек жобаларын қосқанда, жалпы сомасы шамамен $7 млрд-тың 154-тен астам жобасы жүзеге асырылғаны атап өтілді.

Тараптар АДБ-ның Қазақстанмен 2028–2032 жылдарға арналған жаңа Елдік әріптестік стратегиясын дайындау мәселесін талқылады. Серік Жұманғарин оны әзірлеу кезінде қазіргі құрылымдық өзгерістерді, жаңа экономикалық жағдайлар мен елдің ұзақмерзімді басымдықтарын ескеру маңызды екенін баса айтты. Сондай-ақ Қазақстан Банкпен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, жеке инвестиция тартуға және инфрақұрылымды дамытуға мүдделі.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #инвестиция #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берілді

Бүгін 18:45

Мемлекет басшысы «Qarmet» акционерлік қоғамының ұжымымен кездесті

Бүгін 18:15

Қазақстан семсерлесуден жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 18:13

Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Канададағы Гран-при кезеңінде үздік бестікке енді

Бүгін 17:58

Дзюдошы Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер Олимпиадасының алтын медалі үшін күреседі

Бүгін 17:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);