AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліс депутаттығы...

Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсынылды

Әлеумет 11.04.2022, 16:10 1,423
Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсынылды
inform.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясы Парламент Мәжілісіне екі кандидатты ұсынды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясынан мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен ведомство отырысы өтті. Онда ҚР Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау үшін Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған кандидаттарды тіркеу мәселесі қаралды. Дауыс беру биылғы 28 сәуірге тағайындалған.


Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің шешімімен Мәжіліс депутаттығына 2 кандидат ұсынылды:


1) Кузиев Закиржан Пирмухамедович – 1969 жылы туған, ұйғыр, «Универсал» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы, Алматы қаласында тұрады;


2) Тварионас Виталий Ионо – 1964 жылы туған, ұлты литвалық, «Викинг» «Мемлекеттік емес күзет құрылымы» ЖШС заңгері, Қарағанды қаласында тұрады.


Орталық сайлау комиссиясының мүшелері аталған кандидаттарды тіркеу туралы қаулы қабылдады. Үміткерлер сайлау бюллетеніне енгізіледі.


Айта кетейік, сайлау бюллетеніне «бәріне қарсымын» жолы енгізіледі. Сайлау бюллетеньдері мемлекеттік тілде және орыс тілінде басылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #халық #Ассамблея #кандидат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАЛА ӘЛЕМІ» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті

Бүгін 20:20

Алматының медициналық ұйымдарында Балаларды қорғау күніне орай 400-ге жуық бала құттықталды

Бүгін 19:11

Зейнолла Ыдырысов Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

Бүгін 18:25

Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-де тағы көшбасшы болды

Бүгін 18:22

Алматының «Шығыс қақпасы» полиорталығында бірегей қоғамдық кеңістік құру жоспарланып отыр

Бүгін 18:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);