Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстан халқы 27 млн-нан асуы мүмкін

Қазақстан халқы 27 млн-нан асуы мүмкін

Өмір-өзен 01.08.2022, 05:30 1,944
Қазақстан халқы 27 млн-нан асуы мүмкін
Сурет: 24.kz

Бұл мамандардың 2050 жылға жасаған болжамы.


«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Болжамдау департаментінің сарапшылары туу, өлім және көші-қон көрсеткіштерінің негізінде демографиялық болжам дайындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Талдауға сәйкес, Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20,8 млн-нан 21,5 млн-ға дейін, ал 2050 жылға қарай 23,5 млн-нан 27,7 млн-ға дейін жетуі мүмкін екен.



«Бұл ретте, егер өлім мен туу көрсеткіштері 2021 жылғы деңгейде, ал сыртқы және өңіраралық көші-қон 2017-2021 жылдардағы орташа мәнде сақталса, Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20 млн 958 мың адамға, ал 2050 жылға қарай 27 млн 192 мың адамға жетеді», – деп атап өтті ЕРДО Болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.



Оның мәліметінше, 2030 жылға қарай, орталық сценарий бойынша, халық саны Нұр-Сұлтан қаласында 420 мың адамға немесе 33%-ға, 1,7 млн адамға дейін, Алматы қаласында 414 мың адамға немесе 20%-ға, 2 млн 466 мың адамға дейін, Шымкент қаласында 369 мың адамға немесе 32%-ға, 1,5 млн адамға дейін өседі.


Бұдан басқа, Түркістан облысында халық саны 207 мың адамға, Маңғыстау облысында 170 мың адамға, Алматы облысында 145 мың адамға көбейеді. Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарында халық санының қысқаруы мүмкін.


2050 жылға қарай, ЕРДО сарапшыларының есептеріне сәйкес, болжамның орталық нұсқасын алып қарайтын болсақ, өсу бойынша Шымкент қаласы көш бастайтын болады, онда халық саны 1 млн 679 мың адамға артып, 2,8 млн адамға жетеді немесе 2022 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артады. Нұр-Сұлтан қаласында өсім 1 млн 634 мың адамды құрайды, бұл 2,3 есе өсімге, 2,9 млн адамның көрсеткішіне сәйкес келеді. Алматы қаласында тұрғындар саны 3,5 млн адамға дейін немесе 1,4 млн адамға (2022 жылға қарай+69%) өседі. Маңғыстау облысында халық саны 820 мың адамға өседі, соның салдарынан өңірдегі халық саны 1 млн 571 мың адамды құрайды.



«Біздің болжамымыз бен БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің жаңа демографиялық болжамы ұқсас және сценарийге байланысты халық санының 2030 жылға қарай 20,8 млн-нан 21,5 млн адамға дейін, ал 2050 жылға қарай 23,5 млн-нан 27,7 млн-ға дейін өсуін болжайды», – деп бөлісті Дмитрий Шумеков.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#халық #Қазақстан #болжам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қарт әкесін азаптаған ер адамға жаза күшейтілді

Бүгін 14:34

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Бүгін 14:14

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Бүгін 14:07

Алматыда кенеге қарсы күрес жүріп жатыр: мамандар осы жолы 2,3 мың гектар жерді дәрілеп шықпақшы

Бүгін 12:33

Қазақстанда құстың 20 жаңа түрі табылды

Бүгін 12:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика