AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Нарық / Қазақстан Германияға тағы да мұнай жөнелтпек

Қазақстан Германияға тағы да мұнай жөнелтпек

Нарық 01.03.2023, 11:55 1,798
Қазақстан Германияға тағы да мұнай жөнелтпек
Сурет: Egemen.kz

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы наурызда Германияға келесі 20 мың тонна мұнай транзитін жүзеге асыруды жоспарлап отыр.


Бұл туралы аталған компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен мұнайды тасымалдау кестесіне сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ наурыз айында Германияға «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша «Адамова застава» мұнай тапсыру пункті арқылы 20 мың тонна мұнайды тасымалдауды жоспарлап отыр», - деді «ҚазТрансОйл» АҚ қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Шыңғыс Ілиясов.



Сонымен қатар аталған компания биылғы жылдың 1 тоқсанында Германияға «Адамова застава» мұнай тапсыру пункті арқылы 300 мың тонна мұнай тасымалдау үшін техникалық мүмкіндіктің барын растайды. Дегенмен оның нақты көлемі мұнай компанияларының өтініміне байланысты болмақ.


Сондай-ақ, хабарламада ақпанда елімізден Германияға 20 мың тонна мұнайдың бірінші партиясы жеткізілгені айтылған.


Бұған дейін Энергетика министрі Болат Ақшолақов Германияға алғашқы мұнай партиясын ақпанның соңына дейін жөнелтілетіні туралы айтқан еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұнай #Қазақстан #Германия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);