AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстан-Франция стратегиялық ынтымақтастығын ода...

Қазақстан-Франция стратегиялық ынтымақтастығын одан ары дамытуға мүдделі

Әлем 11.06.2023, 06:14 1,774
Қазақстан-Франция стратегиялық ынтымақтастығын одан ары дамытуға мүдделі
Сурет: Tengrinews.kz

Қазақстан Францияның Орталық Азиядағы басты экономикалық серіктесі.


Биыл Қазақстан мен Францияның арасындағы стратегиялық әріптестіктің құрылғанына 15 жыл толды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Екі мемлекеттің өзара ынтымақтастығының қарқыны тараптардың жемісті қарым-қатынасты одан ары дамытуға мүдделі екенін байқатып отыр.


Өз кезегінде аталған еуропалық мемлекет еліміздің ұлттық экономикасына инвестиция салып келе жатқан жетекші инвесторлардың қатарында. Қазір көлік секторында, оның ішінде теміржол көлігі және автотасымал саласында, сондай-ақ азаматтық авиация және өнеркәсіп бағытында екіжақты тиімді байланыс жолға қойылған.


Мәселен, теміржол көлігі саласындағы әріптестікке келсек, былтыр екіжақты экспорт-импорттың көлемі 1,5 мың тоннаға жетті. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Франциядан ҚР аумағы арқылы жүктердің транзитті тасымалы 4028,7 тонна көлемінде байқалды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3 есегекөп. Тасымалданатын негізгі жүктердің арасында машиналар, құрал-жабдықтар, қара және түсті металдар, дайын тамақ өнімдері және т.б. бар.


Қазір Қазақстанда франциялық капиталдың қатысуымен 170-тен астам компания жұмыс істеп келеді. Олар ураннан бастап ғарыш өнеркәсібіне дейін түрлі салаларда қызмет көрсетіп жатыр. Бұл өз кезегінде отандық экономиканы әртараптандыруға оң ықпал етіп келеді.


Азаматтық авиация бағытындағы қарым-қатынасқа тоқталсақ, аталған елдердің авиациялық биліктері өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, оның аясында екі жақтан белгіленген авиатасымалдаушылар аптасына 3 ретжиілігімен мемлекеттер арасында тұрақты рейстерді орындауға құқылы.


Тұтастай алғанда, тараптардың интеграциялық процестерді күшейтуге байланысты жоспары 2030 жылға дейінгі Қазақстан – Франция сауда-экономикалық ынтымақтастығының Жол картасында қарастырылған. Бұл орайда былтыр қаңтарда өзара сенімді дипломатиялық қатынастың 30 жылдығы атап өтілгенін айта кеткен орынды. Ал биыл мамырда өткізілген экономикалық мәселелер жөніндегі Қазақстан – Франция үкіметаралық комиссиясының XV отырысысауда-экономикалық қатынастарға тың серпін берді.


Ұзақ жылдан бері нәтижелі әрі өнімді байланысты жолға қойған стратегиялық серіктестер бұл бағыттағы жұмысты одан ары нығайтуға мүдделі.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Франция #Ынтымақтастық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Кеше 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Кеше 18:42

Алматының ажары

Кеше 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Кеше 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Кеше 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);