Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстан дәрі-дәрмекті елден шығаруға тыйым салма...

Қазақстан дәрі-дәрмекті елден шығаруға тыйым салмақ

Медицина 24.03.2022, 10:41 2,260
Қазақстан дәрі-дәрмекті елден шығаруға тыйым салмақ
Сурет: E-pepper.ru

Алты ай көлемінде тыйым салу ұсынылған.


Денсаулық сақтау министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстаннан тысқары әкетуге тыйым салынатын дәрілердің санаты белгіленген бұйрықтың жобасын талқылауға шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бұйрықтың жобасы бойынша, Қазақстан аумағынан кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды, медициналық бұйымдарды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтауыштарды әкетуге 6 ай көлемінде тыйым салу ұсынылған.


Дегенмен, дәрі-дәрмектің бірнеше санатына бұл құжаттың талабы жүрмейтіні айтылған. Олар:


- Қазақстанның аумағы арқылы өтетін транзиттік тауарлар;


- жеке тапсырыстар бойынша тек жеке пайдалануға арналған медициналық бұйымдар;


- халықаралық ізгілік көмек көрсетуге арналған тауарлар;


- бөлшек саудада өткізу шеңберінде жеке пайдалану үшін әкелінген және сатып алынған тауарлар;


- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберінде алынған дәрілер;


- өткізу құқығынсыз көрмелер өткізуге арналған үлгілер; - зерттеулер мен сынақтар жүргізуге арналған үлгілер;


- денсаулық сақтау ұйымдарында дайындалып, қолданылған радиофармацевтикалық препараттар;


- мемлекеттік тіркеу кезінде сараптама жүргізуге арналған үлгілер;


- пациенттің немесе оның донордың аутологиялық биоматериалдарын пайдалана отырып қабылданатын, жеке қолдануға арналған алдыңғы қатарлы терапия дәрілері;


- ЕАЭО кедендік аумағына келген көлік құралдарының жолаушылары мен экипаж мүшелерін емдеуге арналған дәрі-дәрмектер;


- халықаралық мәдени, спорттық іс-шараларға қатысушыларды және халықаралық экспедицияларға қатысушыларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер;


- Қазақстан тауар өндірушілері өндірген, оларға қатысты тыйым салынған «СТ-1» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатпен сүйемелденетін дәрі-дәрмектер.


Құжат көпшіліктің талқылауына 6 сәуірге дейін ұсынылмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрі #Қазақстан #лекарства
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика