AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Париж-2024 / Қазақстан бокс державасы деген даңғазаны қою керек

Қазақстан бокс державасы деген даңғазаны қою керек

Париж-2024 03.08.2024, 21:17 1,089 Данияр Каскарауов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Alash Pride» Президенті
Қазақстан бокс державасы деген даңғазаны қою керек
1bol.kz
Өзбектің жеті бірдей боксшысы олимпиаданың ширек финалына шықты. Демек Өзбекстан құрамасында кемі жеті қола медаль бар деген сөз.
 
Ал, біздің боксшылардан тек Нұрбек Оралбай ғана 1/4 финалға өтті. Бұл өте ұят жағдай. Қазақстан бокс державасы деген даңғазаны қою керек. Кінәні төрешілер мен ұйымдастырушылардан іздеу де ұят.
 
Шын мықтылар шаршы алаңда ойнақтап жүріп жеңсе, ешкім жеңісін жұлып алмас еді. Өзбектерді судьялар сүйреп шығарды деп айта алмаймыз. Қай-қайсысы болса да жанып тұр. Рингте жанын беріп, соңғы секундтқа дейін шайқасуда. Ал, біздің жігіттерден мұндай жанкештілік байқамадым.
 
Бұған әрине жаттықтырушылар мен Бас бапкер кінәлі. Егер спортшыда намыс, мінез, ұлттық рух болмаса бәрі бекер. Жетектеген тазы аң алмайды. Боксшыларды тек ақшамен ғана қызықтыру аздық етеді. Көзінде от, кеудесінде шоқ бар жігіттерді құрамаға шақыру керек еді.
 
Әйтпесе боксшылардың алаңсыз жаттығу жасауына мемлекет бар жағдайды жасады. Алайда нәтиже нөл. Токио олимпиадасындағы қателіктерден сабақ алмағанымыз көрініп тұр. Сондықтан спорт саласына реформа керек.
Әр федерацияның құлағын ұстап отырған олигархтар мен шен-шекпенділерді түгел жұмыстан босату керек. Орнына спортты білетін, түсінетін кәсіби мамандарды қою керек. Тек сол кезде ғана нәтиже болады.
 
Әйтпесе бар өмірін спортқа сарп еткен талай саңлақ екі қолға бір күрек таппай сандалып жүр. Кезінде көк байрағымызды желбіретіп, әнұранды асқақтатқан азаматтар қазір қайраңда қалған кемедей жағаға шығып қалды. Соларға жақсы айлық төлеп, чемпиондарымызды жастарды тәрбиелеуге тарту керек. Тек сонда ғана нәтиже болады.
 
Әйтпесе шетелден шақырған бапкерлер мен легионерлерге қазақтың тек ақшасы керек. Келісім-шарты аяқталған күні олар алды-артына қарамай тайып тұрады. Артында сұрауы жоқ. Сондықтан қазақ спортын дамытуға тек қазақтар ғана мүдделі.
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Париж-2024 #олимпиада #бокс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);