AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша А...

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Спорт Бүгін 18:42 36 yakiya
Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қытайдың Чунцин қаласында жеңіл атлетикадан секіру дисциплиналары бойынша алғашқы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы сапында бес спортшы бақ сынады.

Ұлттық құрама сапындағы ең үздік нәтижені Елизавета Матвеева көрсетті. Ол биіктікке секіруден 180 см нәтижемен қола медаль жеңіп алды. Осы сында Надежда Дубовицкая 175 см көрсеткішпен тоғызыншы орынға тұрақтады.
Мария Ефремова үш қарғып секіруден 13,32 м нәтижемен бесінші орын иеленді. Сырықпен секіруден Полина Иванова да 4,10 м көрсеткішпен жарысты бесінші болып аяқтады.

Ал ұзындыққа секіруден сынға түскен Анастасия Рыпакова қорытынды хаттамада 12-орынға жайғасты (5,52 м).

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы бір қола медальмен сегізінші орын алды. Көш басында Қытай құрамасы тұр (5 алтын, 4 күміс, 3 қола). Өзбекстан екінші орынға ие болса (2 алтын, 1 күміс), Қатар құрамасы үздік үштікті түйіндеді (1 алтын).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#чемпионат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37

Рабиға Сыздық көшесінің бір бөлігінде қозғалыс 2,5 айға шектеледі

Бүгін 17:50

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Бүгін 16:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);