AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстан бидай экспортына шектеу енгізбейді

Қазақстан бидай экспортына шектеу енгізбейді

Экономика 16.03.2022, 04:51 1,346
Қазақстан бидай экспортына шектеу енгізбейді
Сурет: 7kun.kz

Бидай қоры бүгінде 7,4 млн тоннаны құрайды.


Қазақстанда ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету және экспорттық келісімшарттарды жабу үшін бидай мен ұнның жеткілікті көлемі бар. Қазіргі уақытта экспорттауға шектеулер енгізу жоспарланбайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Eldala.kz cілтеме жасап.


Қазақстандағы бидай қоры бүгінде 7,4 млн тоннаны құрайды, оның 6 млн тоннасы – азық-түліктік бидай. Сонымен қатар, 144 мың тонна ұн бар, министрдің айтуынша, бұл көлем ішкі тұтыну үшін шамамен 300 күнге жетеді.



«Біз кез келген жылдары бидай, ұн және макарон өнімдерімен қамтамасыз етіп келеміз. 6 млн тонна бар, бұл тек ішкі қажеттілік үшін ғана емес, біз де экспорттық нарықтарымызға астық экспорты бойынша өзіміздің барлық келісімшарттық міндеттемелерімізді жеткізіп, орындайтын боламыз», - деп мәлімдеді Ербол Қарашөкеев. 



Ол Қазақстанда астық және басқа да азық-түлік өнімдерімен жағдай толығымен тұрақты екенін атап өтті.


Естеріңізге сала кетейік, Ресей ЕАЭО елдеріне, соның ішінде Қазақстанға бидай экспорттауға тыйым салды. Осыдан кейін Қазақстанда бидай бағасы жоғары көтеріліп, тоннасы 122 мың теңгеден 128-130 мың теңгеге дейін өсті. Ұн тартушылар ҚР-ға астық экспортына баж салығын енгізу мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бидай #Қазақстан #экспорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);