Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстан бейбітсүйгіш елдер рейтингінде 67-орында

Қазақстан бейбітсүйгіш елдер рейтингінде 67-орында

Әлем 04.09.2021, 12:53 1,482
Қазақстан бейбітсүйгіш елдер рейтингінде 67-орында
Cурет: Massaget.kz

Рейтингте Исландия, Жаңа Зеландия және Дания мемлекеттері үздік үштіктен орын алды.


2021 жылдың қаңтар-шілде айларында елде экстремизм мен терроризмге байланысты 139 құқықбұзушылық тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 19,8% көп, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.


2020 жылы осы уақытта 116 құқықбұзушылық тіркелген еді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 41,1% аз. Ал 2021 жылы алғаш рет осы типтегі қылмыс саны өсіп отыр. 2017 және 2020 жылдары керісінше олардың саны азайып келе жатқан болатын.
Ең көп қылмыс:
- Түркістан облысы – 18 жағдай, өткен жылмен салыстырғанда 18,2% аз;
- Жамбыл облысы – 16 жағдай, көрсеткіш бір жылда 2 есе өсті;
- Шымкентте – 16 жағдай тіркелді, көрсеткіш бір жылда 2 есе өсті;
Ең аз қылмыс саны:
- Шығыс Қазақстан облысы – 1 жағдай;
- Қостанай облысында – 1 жағдай.
Тіркелген құқықбұзушылықтар негізінен әлеуметтік, ұлтшылдық, нәсілшілдік, тіл тигізу және діни кикілжіңдермен байланысты. Өткен жылдағыдай 48 жағдай тіркелді. Бұдан өзге көпшілікті терроризм жасауға үгіттеу көп кездесіп отыр.
Биыл бейбітшілікті сүйетін халықтар рейтингінде Қазақстан 163-орынның ішінен 67-орынға жайғасты. Мемлекет индексі 1,94-ті құрады. Индекс жоғары болған сайын елдің бейбітшілікті сүю қабілеті керісінше төмен болады. Индексті есептеу кезінде елде соғыстың ғана емес, зорлық-зомбылықтың болмауы, қысым көрсетіледі деп қорықпау, қауіпсіздік, әртүрлі кикілжің және милитаризация ескеріледі.
ТМД елдері ішінде рейтингте Молдова Қазақстаннан жоғары тұр. Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан, Түркменстан, Беларусь, Әзербайжан, Украина және Ресей сынды мемлекеттер рейтингте Қазақстаннан төмен тұр.
Бейбітшілікті сүйетін елдер тізімінде Исландия, Жаңа Зеландия және Дания көш бастады. Ал ең соңғы орында – Ауғанстан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #бейбітсүйгіш #Әлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Бүгін 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика