AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Балалар жылы / «Қазақстан балалары»: Алматыда тағы бір күн «Дәріг...

«Қазақстан балалары»: Алматыда тағы бір күн «Дәрігер – Балалардың Жаңашыры» ұранымен өтті

Балалар жылы 26.05.2025, 20:13 738 Сұлу
«Қазақстан балалары»: Алматыда тағы бір күн «Дәрігер – Балалардың Жаңашыры» ұранымен өтті
Мектеп әкімшілігі

26 мамырда Алматы қаласының білім беру ұйымдарында балалар мен ата-аналардыңденсаулығын сақтау, аурулардың алдын алужәне салауатты өмір салтын ұстанудыңмаңыздылығын арттыруға бағытталған«Дәрігер – балалардың жанашыры» күні өтті. Күн сайын өткізіліп жатқан тәрбиелік, мәдени және спорттық-сауықтыру шараларына 110 мыңнан астам оқушы мен 12 мыңнан астам ата –ана қатысып жатыр.

Жетісу ауданындағы №148 мектеп-гимназияда ерте диагностикалау мен аурулардың алдыналуға бағытталған көшпелі дәрігерлік тексеріс өткізілді.Ата-аналардың рұқсатымен кәсібидәрігерлер оқушыларға тексеру жүргізіп, денсаулықты сақтау бойынша ұсыныстар беріп, сұрақтарға жауап берді.

Жетісу ауданындағы №118 мектеп-гимназияда«Денсаулығыңды тексер» атты медициналықакция ұйымдастырылып, «Денсаулық сертификаттары» табысталды.

Мамандар базалық тексеру жүргізіп, тұрақтымедициналық тексерулердің маңыздылығынтүсіндіріп, балаларға өз денсаулығына ұқыптықарау керектігін насихаттады.

Медеу ауданындағы №19 жалпы білім беретінмектепте стоматолог пен окулист мамандарының қатысуымен ашық есіккүндері өтті.

Ата-аналар мен оқушылар ауыз қуысы мен көру гигиенасын сақтау, жиі кездесетінмәселелердің алдын алу бойынша кәсіби кеңесалды.

Медеу ауданының білім беру ұйымдарында «В здоровом теле - здоровый дух!» атты флешмоб және ақпараттық акция өтті.

Флешмоб аясында спорттық белсенділіктер ұйымдастырылып, салауатты өмір салты мен аурулардың алдын алу туралы ақпараттық материалдар таратылды.

№39 мамандандырылған лицейде Психологиялық қолдау орталығы оқушыларға дұрыс тамақтанудың психоэмоциялық жәнефизикалық жағдайға әсері туралы тренинг өткізді.

Мамандар теңдестірілген тамақтанудың зейінділік пен жалпы жақсы көңіл-күйге оңәсер ететінін түсіндірді.

№15 гимназияда жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын ұйымдастыруға арналған «Ата-аналық бақылау: құралдар мен кеңестер» челленджі өтті.

Интерактивті түрде өткен шарада ата-аналарғабалалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, ақпараттық қауіпсіздік, белсендіөмір салты және күн тәртібі бойынша нақты кеңестер берілді.

26 мамырда Алматыдағы барлық білім беру мекемелерінде мектеп оқушыларыныңсауықтыру лагерьлері ашылып, сауықтыруспорттық іс-шаралар өткізілді, денсаулықтықорғау туралы мультфильмдер мен бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шаралар қала аудандарының барлығынқамтып, мұғалімдер, медицина жәнепсихология мамандары, ата-аналар мен оқушылардың бірлескен күш-жігерімен жүзеге асырылып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #бала #денсаулық #тексеріс #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);